Мазмұнға өту

Мира Камилевна Джангарачева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мира Камилевна Джангарачева
Лауазымы
Қырғыз Республикасы Үкіметі Премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары
1998 — 1999
Өмірбаяны
Білімі Қырғыз мемлекеттік университеті
Мамандығы тарих пәнінің мұғалімі
Дүниеге келуі 30 наурыз 1952 (1952-03-30) (72 жас)
Бішкек, Қырғыз КСР
Әкесі Джангарачев Кемел Сатаркулович
Анасы Байгельдиева Фатима Мукашевна
Жұбайы Кличбек Бердибеков
Балалары Шайкенова Шәйір
Марапаттары Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасы

Мира Камилевна Джангарачева (30 наурыз 1952 жыл, Бішкек, Қырғыз КСР) — Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Жогорку Кенештің депутаты (1995-2000), Қырғызстан Премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (1998-1999). Бішкек қаласының Құрметті азаматы.

Анасы - Фатима Байгелдиева - соғыс ардагері, журналист. Әкесі – Жангарачев Кемел Сатарқұлұлы – Ұлы Отан соғысына қатысушы, кәсіподақ қызметкері. Мираның үш ағасы Болот, Исхак, Азиз және екі сіңілісі Розажәне Нурила болды.

Жолдасы - Кличбек Бердібеков (Қырғыз Республикасы футбол федерациясының бұрынғы бас хатшысы).

Қызы – Шайкенова Шәйір, Алматы қаласында тұрады.

Қырғыз мемлекеттік университеті, тарих факультеті. Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі (1969-1974, Бішкек).

Мәскеу мемлекеттік университеті. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент (1978-1981, Мәскеу).[1]

Мира Джангарачева 1952 жылы 30 наурызда Фрунзе (Бішкек) қаласында дүниеге келген.

  • 1974-1992 жылдары - Фрунзе политехникалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан;
  • 1992-1995 жылдары - Бішкек қаласының әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-мэрі;
  • 1995-1996 жылдары - Жогорку Кенештің депутаты;
  • 1996-1997 жылдары - Қырғызстан премьер-министрінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары;
  • 1997-1998 жылдары - Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі;
  • 1998-1999 жылдары - Қырғыз Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 1999-2000 жылдары - Шу облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • 2000-2015 жж. – БҰҰДБ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бағдарламасының менеджері.
  • 2019 жылдың 19 маусымында Ғапар Әйтиев атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры болып тағайындалды.
  • 2019 жылғы маусымда «Дос-Кредобанк» ААҚ акционерлерінің жалпы жиналысында ол Директорлар кеңесінің мүшесі болып бекітілді.[2][3][4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]