Мазмұнға өту

Май ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Май ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Көктөбе

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

22

Әкімі

Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, №34

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°56′24″ с. е. 77°31′12″ ш. б. / 50.94000° с. е. 77.52000° ш. б. / 50.94000; 77.52000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°56′24″ с. е. 77°31′12″ ш. б. / 50.94000° с. е. 77.52000° ш. б. / 50.94000; 77.52000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939 жыл

Жер аумағы

18,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

10 453[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (86,33%)
орыстар (8,13%)
немістер (1,76%)
татарлар (0,92%)
украиндар (0,89%)
басқалары (1,97%)(2022 ж.)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140800-140807

Автомобиль коды

14

Май ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Май ауданы

Май ауданыПавлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. 1939 жылы құрылған. Аудан көлемі 18,1 мың ш. км.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Географиялық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оңтүстігі пен шығысында Абай облысының Бесқарағай ауданымен және Семей қаласымен, оңтүстік-батысында – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданымен, батысында – Баянауыл ауданымен, солтүстігінде – Ақсу қаласының ауылдық аймағымен шектеседі, солтүстік-шығысында Аққулы ауданымен Ертіс өзені арқылы бөлінген.

Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы - −15º-17ºС., шілденікі - +20º+22ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 200—250 мм-ді құрайды. Қаңтар және желтоқсан айларында ауа температурасы –46-48 градусқа жетеді

Жер бедері және гидрография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағының жер бедері көбінесе төбелі-жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – шағын төбешікті болып келеді. Аудан аумағы бойынша Ертіс, Түндік, Ащысу өзендері ағып өтеді, Қарасор, Алқамерген, Жаңатұз, Ақбота, Шақпақтұз, Үлкентұз секілді көлдер бар. Аудан пайдалы қазбаларға бай. Сапасы жағынан антрацитке жақын тас көмір орындары, табиғи құрылыс материалдары, оның ішінде отқа берік және қызыл балшық, мәрмәр, әк, жоса бар.

Флора және фауна

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топырақ қызғылт, сортаң. Аудан аумағында бетеге, қияқ, қамыс, тал өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ, аламан мекен етеді.

1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
12295 23753 23733 23490 16859 12601 10645

Этникалық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

Санның серпінділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1999 жылы халық саны— 16,9 мың адамды, 2012 жылы — 11,974 мың адамды құрады.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

22 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 615 439 71,4 316 213 67,4 299 226 75,6
Ақшиман ауылдық округі 476 309 64,9 245 166 67,8 231 143 61,9
Баскөл ауылдық округі 1325 1069 80,7 669 561 83,9 656 508 77,4
Кеңтүбек ауылдық округі 1141 926 81,2 546 490 89,7 595 436 73,3
Көктүбек ауылдық округі 3955 4147 104,9 1899 2076 109,3 2056 2071 100,7
Қазан ауылдық округі 955 726 76 466 366 78,5 489 360 73,6
Қаратерек ауылдық округі 1067 709 66,4 517 367 71 550 342 62,2
Май ауылдық округі 793 554 69,9 390 320 82,1 403 234 58,1
Майтүбек ауылдық округі 635 502 79,1 311 278 89,4 324 224 69,1
Малайсары ауылдық округі 909 749 82,4 449 402 89,5 460 347 75,4
Саты ауылдық округі 730 515 70,5 385 275 71,4 345 240 69,6
ЖАЛПЫ САНЫ 12601 10645 84,5 6193 5514 89 6408 5131 80,1

Ауыл шаруашылық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: отарлы қой шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, жем-шөп мәдениеті, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты— мал шаруашылығы. Бетегелі азықтық дақылдардың көп болуы мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығы жетекші орында екендігін байқатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бір ауыл шаруашылық, 75 шаруа қожалығы мен 3432 жеке қоныс айналысады. Ауданда 2 наубайхана, 2 диірмен, 1 макаронды цех, 3 күнбағыс майын өндіретін, 1 тері шикізатын қайта өндейтін цехтар бар.

Әлеуметтік сала

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Білім беру мен ғылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 7 мектепалды ұйымдары, 14 орта жалпы білім беру мекемелері мен 1 кәсіби мектеп бар.

Денсаулық сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда Май орталық аудандық ауруханасы бар.

Ауданда жылжымайтын мәдени және тарихи ескерткіштер бар: Еңбек мәртебесінің ескерткіші, Урал-ЗИС-355 а/м, 1981 ж., Көктөбе ауылы Еңбек мәртебесінің ескерткіші, С-80 тракторы, 1976 г., Қызыл Құрма ауылы «Шамшырақ» (1930 жылдан), «Маяк» (1955 жылдан) аудандық газеттері шығарылады.

Әйгілі адамдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Социалистік Еңбек ерлері: Қ. Женгілбаев пен В.И. Ладыгин.
  2. Бастемі Қазірет Айтқожаұлы - діни қайраткер, қазірет.
  3. ағайынды академик Әбділдиндер

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]