Мазмұнға өту

Майқайың

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кент
Майқайың
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Кенттік әкімдік орталығы

Облысы

Павлодар

Ауданы

Баянауыл

Кенттік әкімдігі

Майқайың

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°27′20″ с. е. 75°47′54″ ш. б. / 51.45556° с. е. 75.79833° ш. б. / 51.45556; 75.79833 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°27′20″ с. е. 75°47′54″ ш. б. / 51.45556° с. е. 75.79833° ш. б. / 51.45556; 75.79833 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1915

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

7459 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

14

Майқайың картада
Майқайың
Майқайың
Майқайың картада
Майқайың
Майқайың

МайқайыңПавлодар облысы Баянауыл ауданындағы кент (1937 жылдан), Майқайың кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстікке қарай 72 км-дей жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
9224 8761 7459 85,1 4353 3694 84,9 4408 3765 85,4

Тарихы: кешегісі, бүгіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Іргесі 1915 жылы ағылшын концессионерлік қоғамының осы маңдағы полиметалл кені өндіруіне байланысты қаланған. Кеңес өкіметі жылдарында полиметалл кенін игеру кеңінен қолға алынып, “Майқайың алтыны” деп аталатын комбинаты салынды. Қазіргі Майқайың қазақ полиметалл кентасын өндіру мен байытудың маңызды орталығы және ол Майқайың алтын АҚ-ның иелігінде. Құрамында ашық кеніш пен байыту фабрикасы, дизелдік электр станциясы бар. Ол Екібастұз ГРЭС-інің электр беру желісімен байланысқан. Мұнда мыстың, қорғасынның, мырыштың, алтынның және күмістің концентраттары шығарылады. Олардан басқа республикадағы лак-бояу заттарына арналған шикізат есебінде барит кені өндіріледі.

Өнеркәсіп орныдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басқа өнеркәсіп орындарынан Майқайыңда нан зауыты, лимонад цехы, қабырғалық құрылыс материалдар блоктары зауыты, машина жөндеу шеберханасы, автобаза, мұнай базасы бар.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінен 2 орта, 1 орталау мектеп, 2 балалар бақшасы, кеншілер клубы, кинотеатр, 3 кітапхана, аурухана, санэпидстанция, бірнеше дәріханалар жұмыс істейді. Ауыз су және техникалық сулармен Ертіс-Қарағанды каналынан тартылған су құбыры мен ұңғымалар арқылы қамтамасыздандырылады. Майқайың арқылы Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]