Мазмұнға өту

Линза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Линза

Линза(нем. Lіnse, лат. lens – оптикалық шыны, әйнек) –— таужыныстар мен пайдалы қазбалар жатысының жасымық тәрізді нысаны; қалындығы шетіне қарай жұқара түсетін домалақ не овал дене.

Линзаның көптеген түрлері бар, олардың негізгілері:

1)Қос дөңес, 2)Жазық дөңес, 3)Ойыс дөңес;

4)Қос ойыс, 5)Жазық ойыс, 6)Дөңес ойыс.

Ал олардан жарық өтуі бойынша 2-ге бөлінеді:

1)Жинағыш; 2)Шашыратқыш.

Линзалардың негізгі кемшіліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытқу) — жа��пақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін

арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады;

  • хроматтық аберрация — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы . Жарық толқындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның ұзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді;
  • астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау . Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады;
  • дистпорсия (лат. distorsio — қисаю) — кескіннің қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең ұлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті. ISBN 9965-36-055-3