Мазмұнға өту

Леонтий Лукьянович Масянов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Леонтий Лукьянович Масянов (1894 жыл, Тасқала ауданы, Шежін - 24 маусым 1978, Нью-Йорк, АҚШ) - жазушы, суретші.

Оралдағы реалдық әскер училищесін, кейіннен Санкт-Петербургтегі профессионалдық Кордовскийдің бейнелеу студиясын бітірген. 1917 жылы әскери қызметке шақырылды. Азамат соғысында ақ гвардияшыл казак-орыстар армиясы Орал бөлімі генералы В.С.Толстовтың 6-дивизиясы құрамында болған. 1921 жылы Стамбұлда (Түркия) эмиграцияда болып, «От красных лап в неизвестную даль. Поход уральцев» мемуарын жариялаған. 1922 жылдың күзіне дейін Владивостокта Кеңес өкіметіне қарсы қозғалысқа қатысты. 1923 жылы Харбинде (Қытай), кейіннен Францияда Орал ка��ак-эмигранттарының Париж станицасының атаманы. Казак-орыс тақырыбына арналған гравюра коллекциясын жинады. 1956 жылы АҚШ-қа көшіп келіп, Кубань әскери үйі мұражайына (Нью-Йорк штаты, Астория қаласы) өз коллекциясы мен суреттерін жайғастырды. 1963 жылы АҚШ-та «Гибель Уральского казачьего войска» атты кітабын орыс тілінде жарыққа шығарды. Бұл басылымда өлкетану тақырыбына, әсіресе Орал өңіріндегі Азамат соғысы оқиғаларына байланысты қызықты материалдар бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0