Көптоғай (Ойыл ауданы)
Ауыл | |
Көптоғай | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°54′37″ с. е. 54°24′20″ ш. б. / 48.91028° с. е. 54.40556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°54′37″ с. е. 54°24′20″ ш. б. / 48.91028° с. е. 54.40556° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1963 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼909 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
04 |
Көптоғай шекарасы
|
Көптоғай — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, Көптоғай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы – Ойыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде, Ойыл өзенінің оң жағалауында, жусан аралас қылқан боз, көкпек, бұйырғын өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы тұрғындар саны 1403 адам (689 ер адам және 714 әйел адам) болса, 2009 жылы 1712 адамды (867 ер адам және 845 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 909 адамды (460 ер адам және 449 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1963 жылы қой кеңшарын құруға сәйкес қаланды. Бұрын мұнда №22 ауыл, Ақсай, Жақсымай, Саралжын, Қарасу ұжымшарлары болған. Көптоғайда “Көптоғай” АҚ ауыл шаруашылық техникасын жөндеу шеберханасы, орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, шұжық цехы жұмыс істейді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|