Көктіңкөлі молибден кен орны
Көктіңкөлі молибден кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Кен орны 1956 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1958 жылы жүргізілді.
Геологиялық құрылымы, сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Геолиялық құрылымы ортаңғы және жоғарғы девон кезеңінің фран ярусының эффузивті қабатынан және фамен ярусының шөгінділерінен түзілген. ��ентас гранит интрузиясы үстіндегі мүйізтасқа айналған эффузивті жыныстар мен граниттер арасында шоғырланған. Тотығу белдемі баяу дамыған. Бұл аймақта 15-35 м тереңдікке дейінгі минералдардың 25-50%-ы повеллиттен тұрады.
Құрамы, минералдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кентас құрамын негізінен молибден құрайды, одан басқа вольфрам, мыс, висмут кездеседі. Кентас минералдары – молибденит, пирит, вольфрамит, тотығу белдемінде повеллит, ярозит. Кен ашық әдіспен өндіруге қолайлы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |