Крит университеті
Көрініс
Крит университеті (гр. Πανεπιστήμιο Κρήτης) — Ираклион мен Ретимнон қалаларында орналасқан аралдағы ірі университет.
Университет 1973 жылы ашылған, алайда толық оқу процессі 1977—1978 жж. басталды. Қазіргі уақытта университетте шамамен 13 мың адам білім алуда, оның 2 мыңы аспиранттық дайындықтан өтіп жатыр.
Ретимнонда тарих, археология, философия және әлеуметтану, филология бөлімшелері орналасқан. Ираклионда — биология, информатика, математика, қолданбалы математика, технология, физика бөлімшелері орналасқан. 1981 жылы Крит университетінің табиғи тарихы мұражайы салынды, ол университеттің бөлігі болып саналады.