Конвергенция
Көрініс
Конвергенция -
- петрологияда: әр түрлі петрогендік процестер нәтижесінде құрамы мен құрылысы жағынан ұқсас тау жынысытардың қалыптасуы;
- металлогенияда: жаралу тегінің түрліше болуына қарамастан, рудалы кендердің басты-басты белгілерінің (құрамы, құрылысы, геологиялық жағдайы) бір-біріне өте ұқсас болуы;
- геоморфологияда: әр түрлі жағдайларда түрлі жолдармен қалыптасқан жербердер пішіндерінің өзара ұқсастығы;
- аймақтық геологияда: әр түрлі геологиялық формациялардың жаралу тегінде айтарлықтай айырмашылықтар болуына қарамастан олардың құрамы мен құрылысында байқалатын ұқсастықтар.[1]
- лингвистикада: (лат. convergo - жақындасу, қосылу) лингвистикалық болмыстардың жақындасуы немесе екі не одан көп тілдік құбылыстын жакындап бірігуі. Конвергенция ұғымы глоттогониялык және күрылымдык-диахрониялыкекі түрғыда каралады. Глоттогониялық Конвергенция ұзак уақытқа созылған катынас негізінде бірнеше тілде (туыс немесе туыс емес) ортак құрылымдық белгілердін калыптасуын білдіреді. Ал құрылымдық-диахрониялық Конвергенция кейбір варианттык айырмашылыктардын жоғалуы нәтижесінде тіл жүйесіндегі эр түрліліктін азаюын білдіретін тарихи процесс. Бұл мағынадағы Конвергенция ұғымын қалыптастырғандар Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Фонология және грамматика жүйесіндегі Конвергенция бір-біріне ұқсастық негізінде тенестіру механизмі аркылы жүзеге асады. Мысалы, омонимдік грамматикалык формалардын жойылуы, септік жүйесінін ыкшамдалуы осыған жатады. Конвергенция — дивергенцияеа (Конвергенция) қарама-қарсы құбылыс.[2]
- этнографияда әртүрлі халықтардың мәдениетінде қоғам дамуының жалпы заңдарының ықпалымен бір-бірінен тәуелсіз туған өзара ұқсас немесе бірыңғай мәдени құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын термин.
- Ал мәдениет конвергенциясы — мәдениеттердің жақындасуын, бірігуге бейімділігін, процестерді айқындайтын термин. Мәдениет айырмашылығы күннен-күнге азаюда, бүның аяғы синтездік нәтиже беруі мүмкін деген болжам да жоқ емес.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- ↑ Абасилов А. Әлеуметтік лингвистика сөздігі.- Алматы, 2016. - 168 бет
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |