Клаудио Писарро
Клаудио Писарро | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Пицца (ис. Pizza)[1], Андыден шыққан мерген (ис. El Bombardero de los Andes)[2] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Кальяо, Перу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
186 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клаудио Мигель Писарро Босио (ис. Claudio Miguel Pizarro Bosio; 3 қазан 1978 жыл[3], Кальяо, Перу) — перулік футболшы, шабуылшы. Перу Ұлттық футбол құрамасы сапында төрт Америка кубогына қатысты (1999, 2004, 2007, 2015).
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]17 жасында туған еліндегі "Депортиво Пескеро"клубымен келісім шарт жасасты. 1996 жылы 26 наурызда болашақ клубы "Альянса Лимаға" қарсы тұңғыш кездесуін өткізді.
1998 жылдың басында "Альянса Лимаға" ауысты. Алғашқы маусымда Либертадорес кубогында дебют жасап үлгерді, 1999 жылы 22 кездесуде 10 голдың авторы атанды. 1999 жылы 13 тамызда Перу чемпионатында "Спорт Бойз" клубына қарсы алаңға шығып, бір гол соқты, бұл ойында "Альянса" 1:2 есебімен ұтылды.
Келесі күні "Вердерге" ауысты. 22 жастағы футболшы 10-нөмірлі жейдеге иелік қылды, 28 тамызда тұңғыш рет Бундеслигада алаңға шықты. 12 қыркүйекте "Кайзерслаутерн" қақпасына тұңғыш голын соқты. Еурокубоктағы алғашқы ойынын норвегиялық "Буде Глимт" клубына қарсы өткізді (1999-2000 жылғы Уефа кубогының бірінші раунды), бұл ойында Писарро бір гол соқты, ал матч 5:0 есебімен аяқталды.
2001 жылы жазда "Баварияға" ауысты. Тамыз айының соңында УЕФА Суперкубогында "Ливерпульге" қарсы алаңға шықты. Көп ұзамай чемпиондар лигасындағы тұңғыш ойынын "Спарта" клубына қарсы өткізді.
"Бавариядағы" алты маусымда үш рет Германия чемпионы атанды. Осы аралықта 174 рет Германия чемпионатында алаңға шықты.
2007 жылы жазда "Челсиге" ауысты. Жаңа клубындағы тұңғыш ойынын 5 тамызда Англия суперкубогында "Манчестер Ситиге" қарсы өткізді. Писарро 51-ші минутта Флоран Малуданың орнына алаңға шығып, матчтар соңындағы пенальтилер сериясында өз мүмкіндігін мүлт жіберді. "Челси" 0-3 есебімен ұтылып қалды. 2007/08 жылғы маусымды "Челси" жүлдесіз аяқтады да, 2008 жылдың жазында бірнеше футболшымен қоштасты. Писарро бұрынғы клубы "Вердерге" бір жылға арендаға кетті.
2009 жылы "Челси" жаттығу базасына қайта оралған Писарроны "Вердер" футболшыны түпкілікті сатып алды. 2012 жылдың жазында Писарро "Баварияға" бес жылдық үзілістен соң қайта келді.
2012 жылы 7 қарашада Чемпиондар лигасында "Лилль" қақпасына хет-трик жасады. 2012/13 жылғы маусымда өзі көптен армандаған Чемпиондар Лигасын ұтып алды.
2015 жылы "Вердермен" жаңа келісім шарт жасасты.
2017 жылы "Кельнге" ауысты.
2018 жылы жазда төртінші рет "Вердерге" қайта оралды. 2020 жылы шілде айында 41 жасында карьерасын аяқтағанша 44 рет алаңға шықты.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Вердер»
- Германия кубогы (1): 2009
«Бавария»
- Германия чемпионы (6): 2003, 2005, 2006, 2013, 2014, 2015
- Германия кубогы (5): 2003, 2005, 2006, 2013, 2014
- Германия суперкубогы (1): 2012
- Лига кубогы (1): 2004
- Чемпиондар лигасы (1): 2012/13
- УЕФА суперкубогы (1): 2013
- Құрлықаралық кубок (1): 2001
- Клубтар әлем чемпионаты (1): 2013
Халықаралық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Перу
- Кирин кубогы. (1): 1999
- Америка кубогының қола жүлдегері: 2015
Жеке
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еуропа лигасының үздік мергені: 2009/10 (9 гол)
- Бундеслига тарихындағы үздік мерген легионер
- «Вердер» клубы тарихындағы үздік мерген: 143 гол
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Karla, Diego, horses and the "100" (ағыл.). bundesliga.de (26 тамыз 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 қаңтар 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 28 қыркүйек 2011.
- ↑ lookuppage.com. Claudio Pizarro (ағыл.). lookuppage.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 қаңтар 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 28 қыркүйек 2011.
- ↑ https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/532