Кенотаф
Кенотаф (грек. kenotaphos, kenos – бос, taphos – қабір) – ежелгі дәуірге жататын археологиялық, архитектуралық ескерткіштердің бір түрі; ішінде адам мүрдесі жоқ жерлеу құрылысы. Көлемді архитектуралық құрылыстардан бастап, қарапайым обаға дейін түрлі тарихи дәуірлерде салынып отырған. Түрлі себептермен денесі жерленбеген адамдарға арнап символикалық мәндегі бос жерлеу орындарын салу дүние жүзі халықтарының көпшілігінде бар ғұрып. Ежелден келе жатқан бұл үрдістің шығу тегі адамды құрметтеуге, өлгенде де адамның міндетті түрде “мәңгілік баспанасы” болуы керек деген жалпыға ортақ идеяда жатыр. Ежелгі Римде кенота��тар бай адамдар мен мемлекет қайраткерлері үшін сәнді ғимараттар түрінде салынатын болған. Мысырдың перғауындарына арнап тұрғызылған салтанатты ғимараттар халық арасында үлкен ғұрыптық мәнді иеленген. Кейбір елдердегі археология ғылымында “ кенотафтар ” атауын бос қабірлер үшін шартты түрде қолданады. Шапқыншылық уақытында, алыс сапарға шыққанда немесе басқа себептермен денесі табылмаған жағдайда адамдарға бос қабірлер тұрғызу дәстүрі қазақ халқында да болған. Мыс., Самарқандағы әйгілі Шахи-зинда архитектура кешенінде қазақ ханы (1470 – 1511) Бұрындық хан мазары бар, алыс жорықтардың бірінде қаза тапқандықтан, оның денесі мазарға әкеліп қойылмаған. Жаппай саяси куғын-сүргін жылдары Мәскеуде атылған Ә.Бөкейхановқа арнап, Қарағанды облысы ата-баба зиратында құлпытас тұрғызылған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |