Камилло Гольджи
Камилло Гольджи | ||||
итал. Camillo Golgi | ||||
Туған күні | ||||
---|---|---|---|---|
Туған жері |
Кортено, Брешиа провинциясы, Ломбардия, Ломбардия-Венето Корольдігі | |||
Қайтыс болған күні | ||||
Қайтыс болған жері | ||||
Азаматтығы | ||||
Ғылыми аясы | ||||
Ғылыми жетекші | ||||
Несімен белгілі |
жүйке жүйесі зерттеуші | |||
Марапаттары |
|
Камилло Гольджи (итал. Camillo Golgi; 7 шілде 1843, Кортено — 21 қаңтар 1926, Павия) — итальяндық дәрігер және ғалым, Сантьяго Рамон-и-Кахальмен бірге, «жүйке жүйесінің құрылымын зерттеудегі еңбегін тану» ретінде Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1906 жылғы лауреаты.1905 жылы Петербург Ғылым академиясының мүше-корреспонденті атағына ие болған.
Танылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]К. Гольджи жүйке жүйесі гистологиясы және морфологиясы туралы іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Ол 1873 жылы жүйке ұлпасының гистологиялық препараттарын дайындау әдісін жасап, жүйке жасушаларының екі түрін ажыратып анықтаған. Камилло Гольджи 1898 жылы ми нейроциттері цитоплазмасында орналасқан тор төрізді құрылымның бар екендігін анықтады. Бұл құрылым кейіннен Гольджи аппараты деп аталды. К. Гольджи 1906 жылы С. Рамон-и-Кахальмен бірге Нобель сыйлығын алған.
Гольджи аппараты, Гольджи кешені (грек. apparatus goigiensis, dcomplexus golgiensis, apparatus - аппарат, complexus — жиынтық, кешен, Golgi - итальян ғалымы) — биологиялық жарғақпен (мембрана) шектелген жасуша органелласы. Электрондық микроскоппен қарағанда бұл органелла үш түрлі құралымдардан: созылыңқы келген қапшықтар мен көпіршіктерден және түтікше келген қуыстардан (вакуольдерден) тұрады. Бұл құралымдар сыртынан жарғақтармен (мембраналармен) шектеліп, жасуша [[цитоплазма|цитоплазмасында шоғырланған шағын аймақтар түзеді. Осылай жекеленіп орналасқан цитоплазма аймағын диктиосома деп атайды. Бір диктиосомада 5-10 шақты созылыыңқы қапшықтар мен түтікшелер және көпіршіктер орналасады. Гольджи аппараты өзінен секрет бөледі және біріншілік лизосомаларды түзеді.[1]
Ғалымның құрметіне аталған объектілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гольджи аппараты
- Гольджи сіңір мүшесі — жасуша - рецепторлық сіңір түрлерінің бірі
- Гольджи бояу әдісі — жүйке тінін бояу техникасы
- Мишықтағы Гольджи жасушасы
- I типті Гольджи нейроны — ұзын аксоны бар жүйке жасушалары
- II типті Гольджи нейроны — ұзын аксоны бар немесе аксоны жоқ жүйке жасушалары
- Гольджи - Айдың көрінетін жағындағы кратер
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Camillo Golgi |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 7 шілдеде туғандар
- 1843 жылы туғандар
- 21 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1926 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Италия медиктері
- Гистологтар
- Санкт-Петербург ғылым академиясының мүше-корреспонденттері
- Ресей Ғылым академиясының мүше-корреспонденттері (1917—1925)
- КСРО Ғылым академиясының мүше-корреспонденттері
- Геттинген ғылым академиясының мүшелері
- Пруссия ғылым академиясының мүшелері
- Нидерланд корольдік ғылым академиясының мүшелері
- Леопольдина мүшелері
- Павиа университеті оқытушылары
- Павиа университеті ректорлары