Мазмұнға өту

Ильзат Тоглокович Ахметов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ильзат Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

31 желтоқсан 1997 (1997-12-31) (26 жас)

Туған жері

Бішкек, Қырғызстан

Азаматтығы

 Қырғызстан
 Ресей

Бойы

173[1]

Салмағы

67[1]

Позиция

жа��тылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Ресей Зенит (СПб)

Номері

77

Жастар клубы
Қырғызстан Алға
2009—2013 Ресей Юрий Коноплёв
2014 Ресей Рубин
Клуб карьерасы[* 1]
2014—2018 Ресей Рубин 27 (0)
2014—2015 Ресей Рубин-2 2 (0)
2018—2022 Ресей ЦСКА 81 (3)
2022—2023 Ресей Краснодар 42 (4)
2024— Ресей Зенит (СПб) 2 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018—  Ресей 7 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Илзат Ахметов (қыр. Ильзат Тоглокулы Ахметов; 31 желтоқсан 1997, Бішкек, Қырғызстан) — қырғызстандық және ресейлік футболшы, Ресей Ұлттық футбол құрамасы мен «Зенит» клубының жартылай қорғаушысы.

"Алға" клубының түлегі. 2009 жылы Тольяттиге аттанып, Юрий Коноплев академиясына қабылданды, 2014 жылы "Рубин" қатарын толықтырды.

2014 жылы 16 жасында "Рубин" сапында кәсіпқой футболшы ретінде ойнай бастады. "Рубинде" төрт маусым ойнады, бірақ көбіне қосалқы құрамда отырып қалды.

2018 жылы шілдеде ЦСКА-ға ауысты. Сол жылы Ресей чемпионатындағы үздік жас футболшы атанды. Бір жылдан соң нөмірін 77-ден 7-ге алмастырды.

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейдің бірнеше жастағы құрамасында ойнады.

2016 жылы Қырғыз футболының басшылары Ильзатты Қырғызстан құрамасы сапында ойнағанын көргісі келетінін мәлімдеді. Ильзат Қырғызстанда дүниеге келгендіктен, Қырғыз құрамасында ойнауға толық құқылы еді. Қырғызстан құрамасының бапкері Александр Крестинин де Ильзатты құрамаға шақыру үшін бірнеше рет талпынды, бірақ онысы сәтсіз аяқталды. Ақыр соңында Ресей құрамасының бапкері Станислав Черчесов Ильзатты Ресей құрамасында ойнауға шақырды.

2019 жылы 21 наурызда Бельгияға қарсы ЕУРО-2020 іріктеуі матчында тұңғыш рет Ресей құрамасы сапында алаңға шықты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ЦСКА

  • Ресей суперкубогы: 2018

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]