Мазмұнға өту

Златан Ибрагимович

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Златан Ибрагимович Футбол
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Ибра, Ибракадабра[1]

Туған күні

3 қазан 1981 (1981-10-03) (43 жас)

Туған жері

Мальмё, Швеция

Азаматтығы

 Швеция

Бойы

195 см[2]

Салмағы

95 кг[2]

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
1987—1991 Швеция Мальмё BI
1989—1995 Швеция FBK Balkan
1995—1999 Швеция Мальмё
Клуб карьерасы[* 1]
1999—2001 Швеция Мальмё 40 (16)
2001—2004 Нидерланд Аякс 74 (35)
2004—2006 Италия Ювентус 70 (23)
2006—2009 Италия Интернационале 88 (57)
2009—2010 Испания Барселона 29 (16)
2010—2012 Италия Милан 61 (42)
2012—2016 Франция Пари Сен-Жермен 122 (113)
2016—2018 Англия Манчестер Юнайтед 33 (17)
2018—2019 АҚШ Лос-Анжелес Гэлакси 56 (52)
2020—2023 Италия Милан 64 (34)
Ұлттық құрамы[* 2]
1999 Швеция Швеция-19 4 (1)
2001 Швеция Швеция-21 7 (6)
2001—2023  Швеция 122 (62)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Златан Ибрагимович (босн. Zlatan Ibrahimović; 1981 жылы 3 қазанда туған, Мальме, Швеция) — бұрынғы швециялық футболшы, Швеция құрамасының шабуылшысы. Ол мансабында 570-тен астам гол соқты, оның ішінде клуб үшін 500-ден астам гол[3] және соңғы төрт онжылдықтың әрқайсысында гол соққан[4][5]. Өзінің мансабы үшін 31 олжаны жеңіп алды[6].

Әкесі Шефик – босниялық мұсылман болса, шешесі Юрка – босниялық хорват қызы. Сол кездегі саяси жағдайларға байланысты олар Швецияда кездесіп, үйленген. 8 жасында Златан Балқан түбегінің өкілдерініен құрылған «Балкан» деген жастар футбол командасына алынады. Бірде оны үлкендер командасына ауыстырған соң, бір ойында бапкер оны негізгі құрамға шығармай қояды. Бірінші тайм аяқталғанда балкандықтар 0:4 есебімен ұтылып жатады. Екінші кезеңде алаңға жұлқынып шыққан Ибрагимович бірінің артынан бірін 8 гол соғады. Сөйтіп қорытынды есепте оның командасы 8:4 есебімен жеңіске жетеді.

1995-98 жылдары Златан «Мальменің» жастар командасына алынды. Ал 1999-жылы негізгі командада тұсаукесер жасады. Сол алғашқы жылы ол 6 ойында алаңға шығып бір доптың авторы атанады. Дәл осы жылы «Мальме» 63 жылдан соң бірінші лигадан шығып қалады. 2000-жылы ол 12 гол ұрып, командасының жоғарғы лигаға қайта оралуына үлкен көмек көрсетеді. Жақсы ойынымен көзге түскен Златанды «Арсеналдың» бапкері Арсен Венгер бірдін өзіне шақырады. Бірақ тағы да жарты жыл Швецияда жүре тұрған Ибрагимович түбінде «Аякске» ауысады. Трансфер құны 7,8 миллион долларды құрады. Ондай ақша Швецияның деңгейінде ең қымбатқа саналатын.

Голландияға келісімен Златан ойын тәжірибесіз қалды. Бас бапкер Ко Адриансе оны негізгі құрамға көп шығара бермеді. Бірақ ұзақ өтпей Адриансе өз орнынан босап, қызметін Рональд Куманға тапсырды. Куман Златтанның бойынан шабуылшылық талант көре білген болуы керек, әр матч сайын оны негізгі сапқа қоятын болды. 2001/02-жылғы маусымда «Аякс» Голландия чемпионы атанады.

Келер жылы Ибрагимович өзін Еуропаға толықтай таныстырды. Чемпиондар лигасындағы «Лионға» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде ол 2 гол ұрады. Жалпы сол жылы Еуропаның басты клубтың турнирінде «Аякс» ¼ финалға дейін жетеді. Онда олар болашақ чемпион «Миланға» жол береді. Ал чемпионатта «ПСВ-дан» ұпай санынан кемдеу қалып, екінші орынға табан тірейді.

2003/04-жылы «Аякс» қайта чемпион болады. Бірақ Чемпиондар лигасында топтық кезеңнен ары аса алмайды. 2004 жылдың 22 тамыз күні ол «Бреда» қақпасына ғаламат гол ұрады. Кейіннен оны «Еуроспорт» арнасының көрермендері жылдың ең үздік голы деп анықтайды. Трансферлік терезенің ең соңғы күні, 31 тамызда ол 19 миллион долларға «Ювентусқа» ауысады.

«Аяксте» өткізген үш жыл оған екі чемпиондық атақ, бір кубок, 38 соғылған гол және Швеция ұлттық құрамасынан орын әпереді.

Алғашқыда ол тағы да туриндік клубтың қосалқы құрамында жүрді. Көп ойынды қосалқылар орындығынан көрді. Бірақ сол жылды ол 16 голмен аяқтады. Жаман емес. Ал келер жылы ол «Ювентус» жанкүйерлерінің ойынша команданың үздік футболшысы деген атаққа қол жеткізеді. Сондай-ақ ол Швецияның «Алтын доп» сыйлығын да жеңіп алады. Туриндік әріптестерінің қойған лақап аты бойынша «Сыған» 70 кездесуде 23 доп соғыпты. Кейін сыбайлас-жемқорлыққа жол берді деген айыппен «Юентустен» чемпиондық атақ алынып тасталды. Және клуб екінші дивизионға түсірілді. Онда ойнағысы келмеген Ибрагимович 2006 жылды «Интер» сапында бастады. Трансферлік құны – 24,8 миллион доллар.

2006-жылдың 10 тамызынан бері Златан «Интер» сапында өнер көрсетіп келді. Ол 2007,2008,2009-жылдардың чемпионы атанды және 2008/09-жылғы маусымның үздік бомбардирі деп танылды. Сондай-ақ ол осы кездері ең үлкен жалақы алды – 12 миллион жылына.

«Барселона»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

27 маусым күні (2009-жылдың) Ибрагимович «Барселонамен» бес жылға келісімшартқа отырды. Миланның «Интері» шабуылшы үшін 46 милион доллар мен 20 миллионға бағаланған Самуэль Это,Оны алды.

Ол келмей жатып «Барса» тарихындағы екі рекордты жаңартты. Бірінші ол – клубтың ең көп ақшаға сатып алған ойыншысы. Екінші – оның команда жанкүйерлеріне таныстыру салтанатына 62 мың көрермен келген.

2009/10-жылғы маусымның алғашқы турында Златан «Хихон» қақпасына гол соқты. Бұл сұрмергеннің «Барселона» сапында соққан тұсаукесер добы еді. Одан кейін де швед алған бетінен қайтпады. Бірінің артынан бірін 5 тур қатарынан ол қарсыластар қақапасын нысанаға дәл алып отырды.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ибрагимочич Швеция ұлттық құрамасында.

2002-жылғы Әлем біріншілігінде Златан ұлттық құрама сапында небәрі 7 минут өнер көрсетті. Ол матч Аргентинаға қарсы өткен кездесу. Ал Еуро-2004-те Швецияның шабуыл өтін Ибрагимовичсіз көзге елестету қиын еді. Топтық кезеңдегі Италияға аяғының сырт жағымен соққан керемет добы командасын ¼ финалға алып шыққан-тын. Онда шведтерге Голландия қарсылас болып барлығы ойын соңындағы пенальтиден шешілді. Өз кезегінде 11-метрлікті аспанға тепкен Златан, командасымен бірге турнирмен қош айтысты. 2006-жылғы әлем біріншілігінде Златан гол ұрмады. Соның салдарынан Швеция 1/8 финалдан қайтты. 2008-дің Еуропа кубогы алдында «Сыған» тізесін жарақаттап алды. Бірақ сонда да алаңға шыққан ол гректер мен испандардың қақпаларына екі гол ұрып кетті. Ибрагимович қазіргі күннің өзінде де ұлттық құраманың негізгі ойыншысы саналады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нидерланд «Аякс»

  • Нидерланд чемпионы (2): 2001/02, 2003/04
  • Нидерланд кубогы: 2001/02
  • Нидерланд суперкубогы: 2003

Италия «Интернационале»

  • Италия чемпионы (3): 2006/07, 2007/08, 2008/09
  • Италия суперкубогы (2): 2006, 2008

Испания «Барселона»

  • Испания чемпионы: 2009/10
  • Испания суперкубогы (2): 2009, 2010
  • УЕФА суперкубогы: 2009
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2009

Италия «Милан»

  • Италия кубогы: 2010/11
  • Италлия суперкубогы: 2011

Франция «Пари Сен-Жермен»

  • Франция чемпионы (4): 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16
  • Франция кубогы (2): 2014/15, 2015/16
  • Лига кубогы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16
  • Франция суперкубогы (3): 2013, 2014, 2015

Англия «Манчестер Юнайтед»

  • Лига кубогы: 2016/17
  • Англия кубогы: 2016
  • УЕФА Еуроопа лигасы: 2016/17
  • Италия чемпионатының үздік мергені (2): 2008/09, 2011/2012
  • Франция чемпионатының үздік мергені (3): 2012/2013, 2013/2014, 2015/2016
  • Швециядағы жыл футболшысы (11): 2005, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016
  • Италия чемпионатының үздік футболшысы (3): 2007, 2008, 2010
  • Франция чемпионатының үздік футболшысы (3): 2012/2013, 2013/2014, 2015/2016
  • Чемпиондар лигасының үздік асистенті: 2012/2013
  • Швеция чемпионаты тарихындағы үздік мерген: 62 гол
  • Ференц Пушкаш сыйлығының иегері: 2013

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]