Зейiннiң алаңдаушылығы
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Зейiннiң алаңдаушылығы бұл зейiннiң бiр нысаннан екiншiсiне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да iспен шұғылданып отырған адамға тыс тiтiркендiргiш əсерлердiң ықпал етуiнен туындайды. Алаңдау сыртқы жəне iшкi болып бөлiнедi. Сыртқы алаңдаушылық субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының əсер етiп, ырықты зейiннiң ырықсыз зейiнге ауысуынан болады. Əсiресе адамды алаңдататын жағдайлар заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күштi өзгермелi əрi жедел əсер етуiне байланысты. Сондықтан оқушылардың сабақ дайындау барысында оларды негiзгi iсiнен алаңдататын заттар мен əсерлердi болдырмауға тырысу қажет. Зейiннiң iшкi алаңдауы көңiлкүй, толғаныс нəтижесiнде туындайды, орындалатын iске қызықпаудан, жауапкершiлiктi сезiнбеуден келiп шығады. Шəкiрт өзiнiң оқу жұмысымен байыпты əрi тиiмдi шұғылдануы үшiн оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңiл күйзелiстерiн (ашу, ыза, қорқу ж.т.б.) басып отыру керек. Сонымен бiрге оқушыларда алаңдаушылықты кемiту үшiн оларда бiлiмге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тəрбиелеп бару өте маңызды қызмет.
Қолданылған әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Б 12 Жантану негіздері. (Жалпы психология). Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дəрісбаяндар жинағы. Алматы, 2006.—306 бет.
Санат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жантану негіздері