Мазмұнға өту

Забұрын (Забурунье) мұнай кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Забұрын (Забурунье) мұнай кен орныКаспий маңы ойпатының оңтүстік-батыс ернеуі маңы өңіріндегі газ-мұнай кенорны. Құрылым 1966-1979 жылдары дайындалып, 1981 жылы іздестіру жұмыстары басталады. Кен орны 1982 жылы ашылып, барлау 1984 жылы аяқталған.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атырау облысында, Атырау қаласының оңтүстік-батысында 170 км жерде, Каспий теңізінің солтүстік жағалауына таяу орналасқан.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кенді сыйыстырушы құрылым күмбезаралық көтерілімнен орын алған. Апт-неокомдық және неокомдық мұнайлы, неокомдық газды-мұнайлы горизонттар бөлінген. Олардың жатыс тереңдігі 851-905,6 м. Мұнай жатындарының биіктігі 7,2-53 м, газ жатындарының биіктігі 9,3 м. Су-мұнай жапсары -900-943 м белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбездік, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Терригендік таужыныстардан құралған жинауыштары кеуекті.

Қанығу сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұнайға қаныққан қалыңдық 0,8-10,8 м, газға қаныққаны -7,1 м. 7 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдар - мұнайдікі 14-72 м3/тәу, газдікі 43,4 мың м3/тәу. Газдық фактор 47 м33. Бастапқы қойнауқаттық қысым 9,1-10,05 Мпа, температура 36-39°С.

Тығыздығы, құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұнайдың тығыздығы 892 кг/м3, құрамында 0,26-1,26% күкірт, 1,75% парафин, 11,8-13,7%, шайырлар, 0,57-0,85%, асфальтендер бар. Газдың құрамы: метан -84,88-93,26%, этан -0,27-1,79%, пропан -0,43, изобутан -0,66%, азот -5,59%. Жатындардың режимі суарынды. Кен орны 1982 жылдан бері игерілуде. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]