Жуантөбе ауылдық округі (Түркістан облысы)
Қазақстан ауылдық округі | |
Жуантөбе ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді |
1 ауыл |
Тұрғыны (2021) |
▲1987 |
Уақыт белдеуі | |
Автомобиль коды |
13 |
Жуантөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамына Жуантөбе ауылы кіреді. Орталығы – Жуантөбе ауылы.[1] Округ құрамында болған Қоңыратарық ауылы 2023 жылы таратылды.[2]
Елді мекен | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жуантөбе ауылы | 1645 | ▲1959 | 119,1 | 834 | ▲974 | 116,8 | 811 | ▲985 | 121,5 |
Қоңыратарық ауылы | 278 | ▼28 | 10,1 | 149 | ▼18 | 12,1 | 129 | ▼10 | 7,8 |
Жалпы саны | 1923 | ▲1987 | 103,3 | 983 | ▲992 | 100,9 | 940 | ▲995 | 105,9 |
>
Әкімшілік бөлімшелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдық әкімшіліктегі отбасы саны – 424. 1 орта мектеп, 1 емхана, 1 ФАП, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана, 1 Қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанция бар.
Кеңшар директорлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жуантөбе ауылындағы кеңшар 1946 жылы құрылғанда директорлары болып Еңсебаев Нағашбек (1946-1948 жылдары), Дүйсенов (1948-1950 жылдары), Есетов (1950-1952 жылдары), Сүтжанов Бөкебай (1952-1954 жылдары), Мұханов Қалкен (1954-1958 жылдары), Акимов Әбдеш (1958-1862 жылдары), Танабаев Қанат (1962-1968 жылдары), Айтжанов Сейдахмет (1968-1975 жылдары), Алыбаев Нәжман (1975-1985 жылдары), Исхақов Ахмет (1985-1992 жылдары), Белходжаев Жомарт (1992-1996 жылдары), Тайбеков Әлмахан (1996-1999 жылдары) қызмет атқарды.
Ауылдық кеңес төрағалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдық кеңес төрағалары болып Құтжанов Нұртай (1946-1954 жылдары), Қасқыров (1954-1960 жылдары), Қанаев Қыдырбек (1960-1964 жылдары), Сүлейменов Құдірет (1964-1969 жылдары), Әбдіқасов Айнакеш (1969-1977 жылдары), Шойынбаев Әбітай (1977-1985 жылдары), Әлібаев Өмірзақ (1985-1994 жылдары) қызмет атқарды. 1994-2004 жылдары Айдарбеков Болат ауыл әкімі болды. 2004 жылдан бастап Арын Жұмағали ауыл әкімі қызметін атқарып келеді.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том.
- ↑ Түркістан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Шолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.
|