Жолдыбай кен орны
Жолдыбай кен орны | |
047°42′00″ с. е. 053°39′06″ ш. б. / 47.70000° с. е. 53.65167° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 047°42′00″ с. е. 053°39′06″ ш. б. / 47.70000° с. е. 53.65167° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Атырау облысы |
Ашылған уақыты | 1941 жыл |
Игеріле бастады | 2002 жыл |
Теңгерімдік қорлары | 1,5 млн тоннаға жуық |
Жолдыбай — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. Құрылым 1932-1947 жылдары дайын болып, барлау жұмыстары 1941 жылы басталған. Сол жылы кен орын ашылды. Барлау 1947 жылы аяқталды.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атырау облысында, Мақат станциясының солтүстік-шығысында 18 км жерде.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен сыйыстырушы құрылым солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағытта созылған тұз күмбез 720-750 м тереңдіктерде ортаңғы юра таужыныстарында орныққан екі мұнай жатыны анықталды. Бірінші жатын қойнауқаттық, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған, екінші жатын қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Жатындардың биіктігі, тиісінше, 22 және 10 м, мұнайға қанығу коэффициенті 0,65. Су-мұнай жапсарлары -540 және -560 м белгілерде. Жинауыштары терригендік, кеуекті, ашық кеуектілігі 39%. Құрылымның солтүстік жартысының ауқымындағы бірінші горизонт жинауыштары белгілі дәрежеде саздалған.
Тығыздығы, құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 7 м, тиімдісі 6 м және 5 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 6 м және 4,7 м. Мұнайдың шығымдары бірінші горизонтта 20 м3/тәулік, екіншіде - 5 м3/тәулік. Мұнайы ауыр, тығыздығы 892,1 кг/м3, қойнауқаттық жағдайларда аз күкірт ті(0,2%), аз парафинді (0,68%), мол шайырлы (18%). Табанасты сулары хлоркальцийлі типті күшті тұздықтар, тығыздығы 1153 кг/м3, жалпы минералдылығы 177 г/л. Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Кен орында жұмыс 1955 жылы бастап тоқтатылған болатын, ол 2002 жылдан игеріле бастады.