Жағыпар Сұлтанбекұлы
Жағыпар Сұлтанбекұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
1898 Аманқарағай |
Қайтыс болғаны: | 1937 |
Ұлты: | қазақ |
Мансабы: | Қоғам қайраткері |
Жағыпар Сұлтанбекұлы- Көрнекті қоғам және мемлекет кайраткері Жағыпар Сұлтанбекұлы 1898 жылы Қостанай уезі Аманқарағай болысында туған. Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз мектебін бітірген. Осында мұғалімдер курсында оқыған.
- 1915 жылдан бастап жергілікті жерлерде сабақ берген. Жасынан халықты ағарту, ояту істеріне тілеулес болған. «Қазақ» газеті мен Алаш қозғалысының мақсатын елге таратуға күш салған.
- 1920-1922 жылдары уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Аманқарағай болыстык атқару комитетінің төрағасы,
- 1922 жылы Қостанай губерниялық атқару комитетінің хатшысы болып істеді. Осы уақытта республика орталығынан арнайы іссапармен келген қайраткер С.Садуақасүлымен танысып, өңірді дамыту туралы ой-пайымымен бөліседі.
- 1923 жылы губерниялық Жер-су мекемесінің бастығы, губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1925 жылы Ақмола губерниясына (Петропавл) жіберіліп, Жер басқармасының меңгерушісі болған.
- 1926 жылы Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің төрағасы,
- 1926-1927 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Егін шаруашылығы халық комиссары,
- 1927- 1929 жылдары Қазақ ауыл-село одағы мен өлкелік мал өсірушілер одағының төрағасы,
- 1930-1931 жылдары Қарқаралы аудандық атқару комитетінің,
- 1931- 1932 жылдары Кеген аудандық атқару комитетінің төрағасы,
- 1932 жылы «Қазқұрылысматериалдары» бірлестігінің басшысы, Жеңіл өнеркәсіп халық комиссариатының алқа мүшесі, Алматы облыстық атқару комитеті жеңіл өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі,
- 1935-1936 жылдары ішкі сауда халық комиссариаты жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады.
Қайраткер Қостанайдағы жылдарында «Ауыл» газетінің өрісін кеңейтуге көп атсалысқан. Сондай-ак, республикалық басылымдарда да оның мақалалары жарияланып тұрған. «Қазақстан шаруасының жайы, оның мүқтажы», «К вопросу о казахизаңии аппарата», «Атбасар уезінде» атты еңбектерінде қайраткер ел шаруашылығының мәселелерін және оны шешудің жолдарын жүйелі көрсетеді. Білгір маманның «Егіндік-шабындық жерлерді бөлу туралы» (1927), «Малшаруашылық серіктігін ұйымдастырудың пайдасы» (1930) атты кітапшалары өз тұсында үлкен сұранысқа ие болған. Әсіресе, қайраткердің 1925 жылы жазған «Бұрын һәм қазірде жер саясаты» атты зерттеуі - отандық ғылымның елеулі табысы. Мұнда ол жер саясатындағы отаршылдықтың зардаптарын жүйелі зерделейді. Бұл еңбекті С.Садуақасұлы, М.Дулатұлы жоғары бағалады. 1936 жылы қарашада ұсталып, 1937 жылы ақпанда атылған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |