Мазмұнға өту

Жангелді ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Жангелдин ауданы бетінен бағытталды)
Қазақстан ауданы
Жангелді ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

Торғай

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

22

Әкімі

Дінмұхамед Серікұлы Бидашев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, №4

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°48′ с. е. 63°43′ ш. б. / 49.800° с. е. 63.717° ш. б. / 49.800; 63.717 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°48′ с. е. 63°43′ ш. б. / 49.800° с. е. 63.717° ш. б. / 49.800; 63.717 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928 жыл

Жер аумағы

37,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

10 759[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (99,72%)
татарлар (0,09%)
орыстар (0,09%)
басқалары (0,1%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

Жангелдин ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жангелді ауданы

Жангелді ауданы (1928–1956 жылдары Торғай ауданы) — Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 37,6 мың км². Аудан орталығы – Торғай ауылы.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Қамысты, Науырзым аудандарымен, шығысында Амангелді ауданымен, батысында Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би аудандарымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.

Жангелді ауылының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысы теңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 22 – 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 225 – 275 мм. Жерінің топырағы негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, оңтүстігінде сортаң және құмдақ келеді. Дала өсімдігінен далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық, өзен бойлары мен сай-салаларда тал, жиде, жүзгін, қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен, сарышұнақ, ондатр кездеседі; құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, шағала, қызғыш бар.

Жер беті сулары Торғай, Өлкейек, Ұлы Жыланшық және Теке өзендерінің салаларынан және ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Торғайдың Қабырға тармағы жаз бойы суалмайды. Ірі көлдері: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор.

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 12741 14629 21077 24728 28765 20533 15690 11838

Тұрғындар саны – 12 251 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,71%, татарлар – 0,12%, орыстар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,07%.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

22 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақкөл ауылдық әкімдігі Ақкөл ауылы 1 461
Ақшығанақ ауылдық округі Ақшығанақ ауылы 2 906
Албарбөгет ауылдық округі Көкалат ауылы 2 683
Аралбай ауылдық әкімдігі Аралбай ауылы 1 402
Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық әкімдігі Ахмет Байтұрсынұлы ауылы 1 487
Жаркөл ауылдық округі Тәуіш ауылы 4 1082
Қаламқарасу ауылдық округі Қаламқарасу ауылы 2 427
Қызбел ауылдық округі Саға ауылы 4 764
Сужарған ауылдық әкімдігі Сужарған ауылы 1 404
Торғай ауылдық округі Торғай ауылы 1 4602
Шеген ауылдық әкімдігі Шеген ауылы 1 436
Шилі ауылдық округі Шилі ауылы 2 423

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атауы Халқы
(2021)
Торғай 4602
Тәуіш 847
Ақшығанақ 814

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар АралЫрғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.

Жангелді ауданы – тарихи өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]