Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы)
Қазақстан ауданы | |
Жамбыл ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
13 |
Ауыл саны |
48 |
Әкімі |
Азамат Бектасов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Преснов ауылы, Дружба көшесі, №10 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
54°31′ с. е. 66°56′ ш. б. / 54.517° с. е. 66.933° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°31′ с. е. 66°56′ ш. б. / 54.517° с. е. 66.933° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
7 470 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
18 102[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
4,2 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (43,73%) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
15 |
Жамбыл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болып, 1928 жылғы Преснов ауданының шекарасы қалпына келтiрiлген. Жер аумағы 7,46 мың км². Аудан орталығы – Пресновка ауылы.
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют және Есiл, оңтүстiгiнде Шал ақын және Тимирязев аудандарымен, батысында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданымен шектесіп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солтүстік және батыс желдер, қыста оңтүстік-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылдамдығы 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылдамдығы 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Аудан орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1979 | 1989[3] | 1999 | 2009[4] | 2021 |
---|---|---|---|---|
25126 | ▼23484 | ▲36989 | ▼25378 | ▼18169 |
Тұрғындары 19 447 адам (2019).
- Ұлттық құрамы: қазақтар (44,52%), орыстар (41,55%), украиндар (6,52%), немістер (3,60%), татарлар (1,16%), беларустар (0,57%), басқа ұлт өкілдері (2,08%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]48 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2009) |
---|---|---|---|
Архангель ауылдық округі | Архангелка ауылы | 5 | 2670 |
Благовещен ауылдық округі | Благовещенка ауылы | 3 | 3669 |
Жамбыл ауылдық округі | Жамбыл ауылы | 5 | 1317 |
Кладбин ауылдық округі | Кладбинка ауылы | 5 | 1736 |
Қазан ауылдық округі | Қазан ауылы | 3 | 1149 |
Қайраңкөл ауылдық округі | Қайраңкөл ауылы | 3 | 1858 |
Майбалық ауылдық округі | Святодуховка ауылы | 4 | 1436 |
Мирный ауылдық округі | Мирное ауылы | 5 | 1758 |
Озёрный ауылдық округі | Озёрное ауылы | 3 | 1167 |
Первомай ауылдық округі | Будённое ауылы | 4 | 1041 |
Преснов ауылдық округі | Пресновка ауылы | 2 | 6539 |
Пресноредуть ауылдық округі | Пресноредуть ауылы | 4 | 741 |
Троицк ауылдық округі | Троицкое ауылы | 2 | 937 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен | Халқы (2009) |
---|---|
Пресновка | ▼ 5725 |
Благовещенка | ▼ 3106 |
Қайраңкөл | ▼ 935 |
Украинское | ▼ 724 |
Троицкое | ▼ 722 |
Кладбинка | ▼ 660 |
Казанка | ▼ 648 |
Баян | ▼ 644 |
Озёрное | ▼ 603 |
Архангелка | ▼ 582 |
Мирное | ▼ 575 |
Железное | ▼ 570 |
Будённое | ▼ 548 |
Святодуховка | ▼ 516 |
Новорыбинка | ▼ 502 |
Ауыл шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемлекеттік маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомобиль жолы, солтүстіктен оңтүстікке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді.
Шаруашылығы (2009 жыл қорытындысы)
[өңдеу | қайнарын өңдеу][Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 225 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 28 - орта, 196 - шағын кәсiпорындар. Олардан 126 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 98 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 6,4%-ы (15 188,0 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 110,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 119,6% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 228,1 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 66,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 11 542,0 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 7,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 889,0 млн.теңге құрады. Пайдалануға 4,4 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 18,6 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 25,9% өсiп, 38 892 теңгенi құрады. Нақты жалақы 17,7% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 945 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 805 теңге құрады.]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|