Еркебұлан Ертихалұлы Нашаров
Еркебұлан Ертихалұлы Нашаров 1953 жылы 27 қарашада Көкшетау облысы Володар ауданы Базжаркент ауылында туған. Қазақ. Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.
Алматы зооветеринарлық институтын (1977) бітірген, зоо- инженер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты. 1972 жылдан - Алматы зооветеринарлық институтының студенті. 1977 жылдан - Көкшетау облысы Щучинск ауданы «¥рымқай» кеңшары кешенді бригадасының зоо- технигі. 1979 жылдың қаңтарынан - ҚазКСР Мал азығын дайындау министрлігінің Қарағанды құрама жем өнер- кәсібі аймақтық зертханасының мал дәрігері. 1979 жылдың қазанынан - КСРО Су шаруашылығын суландыру министрлігінің «Баскүрішкеңшарқұрылыс» Қарағанды жаңа суармалы жерлерді игеру басқармасының аға зоотехнигі. 1982 жылдан - Қарағанды облысы Телман ауданы «Тұзды» кеңшарының бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшы- сы. 1990 жылдан - Қарағанды облысы Телман ауданы Калинин кеңшарының бас зоотехнигі, кеңшар директоры. 1996 жылдан - «Шоқай» АҚ президенті (Қарағанды облы- сы Телман ауданы Покорное ауылы). 1997 жылдан - «Нұр- СХ» ЖШС директоры (Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Покорное ауылы). 2006 жылдан - Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен, 3 медальмен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |