Дәмегөй Мүсірәліқызы
Дәмегөй Мүсірәліқызы(1870-1932) - Абайдың баласы Мағауияның бәйбішесі. Абайдың республикалық әдеби-мемориал музейінде Дәмегөйдің Абай, Мағауия т. б. туралы естеліктері сақтаулы.[1]
Жазушының екінші әйелі - Кәмила Мағауияқызының шешесі. Абайға қатысты деректердің біразын Әуезов осы кісінің аузынан жазып алған. Мінезі өжет, тура, тік сейлейтін, адуынды адам болған.
Абайдың қара шаңырағын отау ретінде ұстап қалған, ақынның кітапханасы, қолжазбалары, тұтынған заттары, суреттері, киім-кешегі Дәмегөйдің қолында сақталып қалған. Құнанбайдың шапанын Дәмегей Әуезовке сыйлаған. Шапанды тәбәрік есебінде әркім жыртыс орнына алып кеткен. Шапанның түймесі «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қорында тұр. Абай мен Мағауия туралы Дәмегөйдің аузынан жазылып алынған естеліктер Абайдың Семейдегі мұражай-қорығының қорында сақтаулы.
Дәмегөй де Абай ұрпақтарымен бірге тәркіге түскен. 1927 жылы Абайдың қолжазбалары мен кітаптарын, түрлі қымбат заттарын Аралтөбедегі Ділдә мен Әйгерімнің зиратына көмдіріп кеткен. Әуезов арнайы экспедиция жібергенде, құнды мұралардың қолды болып кеткені анықтадцы. Дәмегөй Белағаш форпостында баласы Жағыпар мен қызы Кәмиланың қолында ��айтыс болды.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|