Мазмұнға өту

Дүнгенбай Ботбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дүнгенбай Ботбаев
Туған күні

10 қаңтар 1927 (1927-01-10)

Туған жері

Меркі, Меркі ауданы, Жамбыл облысы, РКФСР

Қайтыс болған күні

4 тамыз 2016 (2016-08-04) (89 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Мемлекет

 Қазақстан
 КСРО (1927-1991)

Мамандықтары

композитор

Дүнгенбай Ботбаев (10 қаңтар 1927 ж.т., Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке а. - 4 маусым 2016 ж.қ.б., Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).

Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптар факультетін (1953, проф. Ш.Қажығалиевтің домбыра класы бойынша), композиция факультетін (професор Е.Г. Брусиловскийдің класы бойынша) бітірген (1966).

Қазақ радиосының халық аспаптар оркестрі құрамында домбырашы (1947 -1951), 1951 - 1967 ж. Алматы музыка училищесін педогогика қызметтен айналысты.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ботбаев фортепьяноға арналған 5 және 6 балалар пьесасын (1960 - 1961), эстрада оркестріне арналған сюита (1961) мен увертюра (1962), халық әні тақырыбына жазылған "Толқыма" атты варияция (1963), сонатта (1964), хорға арналған "Сәлем саған" (сөзі Қыдырысовтікі), "Қайран жастық" (сөзі К.Әзірбаевтікі; екеуі де 1972), романстар, әндер, т.б. жазылды.[1]

Ол Абайдың «Ғалымнан надан артпас ұққанменен...», «ойға түстім толғандым...», «Қуанбаңдар жастыққа...» деген өлеңдеріне ән-романстар жазды. Ақынның «Мен кердім ұзын қайың құлағанын» деген әнін жеке әнші мен фортепианоға арнап өңдеді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9