Мазмұнға өту

Дмитрий Владимирович Гааг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дмитрий Владимирович Гааг (20.03.1971 жыл, Қарағанды) - Орыс триатлоншысы.

Анасы - Гааг Тамара Петровна (1941 ж. т.), зейнеткер, Қарағанды қаласындағы №3 емханада мейірбике болып жұмыс істеген.

Мәскеу дене шынықтыру институтының дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген (1993), қазіргі бессайыстан оқытушы-жаттықтырушы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

1987 жылдан - триатлон бойынша ҚазКСР (ҚР) ұлттық құрамасының нұсқаушы-спортшысы. Азия триатлон федерациясының мүшесі.

Әлем (1999), Азия (1999, 2004) чемпионы; Әлем кубогының иегері (2000, 2004), күміс жүлдегері (2001), қола жүлдегері (2002); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004); Сиднейдегі (2000) - 2-орын, Афинадағы (2004) - 4-орын - Олимпиада ойындарына қатысушы; Еуропа кубогы (2002, 2003), Әлем кубогы кезеңінің (2005), Азия кубогы (Макао, 2000; Гонконг, 2006; Оңтүстік Корея, 2006) жеңімпазы.

Триатлоннан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1999).

Триатлон халықаралық федерациясының мәліметтері бойынша, әлемнің ең күшті триатлоншысы деп танылған (2000).

«Парасат» (2001) орденімен марапатталған.

  • Әскери атағы - запастағы майор.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2