Мазмұнға өту

Динара Болатқызы Зәкиева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Динара Болатқызы Зәкиева
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ту
Ту
15 қаңтар 2021 бастап
Өмірбаяны
Партиясы Аманат
Дүниеге келуі 22 желтоқсан 1982 (1982-12-22) (42 жас)
Қаратал ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР
Әкесі Болат Зәкиев

Динара Болатқызы Зәкиева (22 желтоқсан 1982, Қаратал ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты (2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап).

1982 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Шекара қызметінің бұрынғы директоры, генерал-лейтенант Болат Зәкиевтің қызы. 2006 жылы тұрмысқа шықты, 4 бала тәрбиелеп отыр: 3 қыз, 1 ұл.

Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген[1].

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2004-2005 жылдар аралығында «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2005 жылы — Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы.

2006 жылы — «Antarex» ЖШС және Астана қаласындағы «Rafe» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы.

2007-2013 жылдары — Қазақстан президенті әкімшілігінде президент хаттамасының сарапшысы.

2011 жылы — «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы.

2013-2015 жылдары — Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекішісі.

2017-2019 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры.

2019 жылы — «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы.

2019-2021 жылдары — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы.

2022 жылдан бастап "Аманат" партиясының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жетекшісі қызметтерін атқарған[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]