Гүлнар Мұстақымқызы Ықсанова
Гүлнар Мұстақымқызы Ықсанова (24.04.1958 жыл, Түркістан облысы, Жетісай) - мемлекеттік қайраткер. Қазақ.
Әкесі - Мұстақым Біләлұлы Ықсанов (1926-1991), Қазақстан Компартиясы Қызылорда, Жамбыл, Орал облыстық комитеттерінің бірінші х��тшысы, ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болып жұмыс істеген.
С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1980), саяси экономия оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1980 жылдан - Орал педагогикалық институтының оқытушысы, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, машықтанушысы, ассистенті. 1989 жылдан - Қазақ ауылшаруашылық институтының аға оқытушысы. 1994 жылдан - «Таң» телерадиокомпаниясының вице-президенті. 1994 жылдан - «Қазақстанның теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті. 1995 жылдан - «Таң» телерадиокомпаниясының телевидениесінің директоры. 1996 жылдан - Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы аймақтық штаб-пәтерінің референті. 1996 жылдан - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ референті, вице-президенті. 2001 жылдан - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ бас директоры. 2003 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, «Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2006 жылдан бері - «Хабар» агенттігі» АҚ бас директоры.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Мақсұтбек Шахмарданұлы Есенов, «Қазфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы. Ұлы -Тайыржан (1987 жылы туған).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- 24 сәуірде туғандар
- 1954 жылы туғандар
- Жетісайда туғандар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Орал педагогикалық институты оқытушылары
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары
- Хабар агенттігі бас директорлары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары