Мазмұнға өту

Геннадий Герасимович Глухов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Геннадий Герасимович Глухов (27.06.1939 жыл, Көкшетау облысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы), Арықбалық ауданы, Лобанов селосында дүниеге келген.

Қарағанды политехникалық институтын, КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. Мамандығы – инженер-механик. Еңбек жолын Қарағанды қаласында шахтада электрослесарь болып бастады.

Кеңес Әскері құрамында әскери борышын өтеді. 1967-1978 жылдар арасында комсомолдық жұмыстар атқарды, Қазақстан ЛКСМ OK инструкторы, Торғай комсомол обкомының бірінші, екінші хатшысы болды. 1979-1990 жылдары партиялық жұмыстар – Есіл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Торғай, Көкшетау облыстық партия комитетінің өн��ркәсіп бөлімін меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1990-2005 жылдары – "Полиграфия" Республикалық өндірістік бірлестігінің бас директоры, "Көкшетау Полиграфия" ААҚ-ның президенті.

"Құрмет белгісі" орденімен, "Қажырлы еңбегі үшін ", "Тың жерлерді игеру", "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл", "Еңбек Ері" медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" Құрмет белгісімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X