Мазмұнға өту

Валентина Яковлевна Жаймина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Валентина Яковлевна Жаймина
Туған күні

17 қыркүйек

Туған жері

1948 жыл

Ұлты

Орыс


Валентина Яковлевна Жаймина - 1948 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысының Қаскелең ауылында туған.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1973) кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1991), докторы (2006).
  • «Солтүстік - Шығыс Балқаш маңы және Жоңғар Алатауының теңіз орташатаскөмір түзілімдерінің фораминиферлері және стратиграфиясы» монографиясының (2000), 67 ғылыми еңбектің, олардың 14 - қолжазбалық есеп берудің авторы; «Қазақстанның оңтүстігіндегі Үлкен Қаратаудағы девонды-таскөмір карбонат платформасының – Солтүстік Каспий ойпатының жасы бірдей карбонат қоймаларының беттік баламаларының эволюциясы» (2002), «Үлкен Қаратау, Қазақстан және Оңтүстік Оралдың стратиграфиялық сәулет пен орта-жоғары палеозой карбонаттарының диагенезіндегі биотикалық және абиотикалық оқиғалар, Ресей ерте теңіз цементін белу және сүйыққоймалардың сапасы жөніндегі» (2002) ағылшын тіліндегі 2 ұжымдық монографияның серіктес авторы.
  • 1968 жылдан - Лениногорск ГБП техник-геологы. 1973 жылдан - ОҚАГБ Іздеу-түсіру экспедициясының (1997 жылдан - «Оңтүстікқазгеология» ӨГБ «ізденіс» ЖШС) инженер-геологы, аға геологы, 1-ші, жоғары санаттағы палеонтологы, жетекші геологы. 2000 жылдан - Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының аймақтық геология зертханасының аға ғылыми қызметкері; 2007 жылдан - геологиялық кезеңцер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, 2008 жылдан бері - аймақгық геология зертханасының бас ғылыми қызметкері. Бүкілодақтық палеонтологиялық қоғамның мүшесі (1987- 1998), Society for Sedimentary Geology мүшесі (SEMP, 1996-2000). Қазақстанның Стратиграфиялық комитетінің карбонолық комиссиясының мүшесі (2000 жылдан),Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Секциялық кеңесінің «Жалпы және аймақтық геология» мамандығы бойынша мүшесі және ғылыми хатшысы (2004 жылдан). Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау женіндегі Гылыми кеңесінің мүшесі (2008 жылдан).
  • «Социалистік жарыстың жеңімпазы» құрмет грамоталарымен марапатталған (1985, 1990).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2