Мазмұнға өту

Буилер әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
{{{атауы}}}
Сурет:Самани әулеті (819–999).GIF


Сурет:Ғазнауи империясы 975 - 1187 (AD).PNG


Буилер әулеті, Бувейхилер, Батыс Иран мен Иракты 935 – 1055 жылдар аралығында билеген. Негізін ирандық Зиярилер әулетінің қолбасшылары болған үш ағайынды – Ахмед, Әли және Хасан салған. Олар 935 жылы Бағдатты бағындырып, Аббас әулетінен саяси билікті тартып алды.

Иранның Буи Дайламан сарбазы.

Сөйтіп іс жүзінде дербес билеушілерге айналып, өз әулеттерінің атынан мемлекетті Буилер мемлекеті деп атады. Ал Аббас әулетінің өкілдері халифа атағын өздерінде сақтап қалғанымен, тек дін істерімен ғана айналысатын болды. Буида әулетінің өкілдері 10 ғасырдың 2-жартысынан бастап шаһиншаһ атағын иеленді. Буилер әулетінің көрнекті өкілі – Адуд әд-Даула (949 – 983) уақытша болса да барлық дербес иеліктерді бір мемлекетке біріктірді. Оның кезінде Буилер мемлекетінің астанасыШиразда, Бағдатта, т.б. қалаларда үлкен құрылыстар салынып, суару тармағы кеңейтілді. Иқтаға берілген жерлердің көлемі артты, ислам дінінің шииттік бағыты қамқорлыққа алынды. Бірақ 10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырда елде билік үшін талас басталып, мемлекет әлсіреп кетті. 1029 жылы мемлекеттің шығыс бөлігін Махмұд Ғазнауи өзіне бағындырды. 1055 жылы елге салжұқтардың баса-көктеп кіруі Буилер әулетінің билігін түпкілікті жойды.

[1]

Шираздағы Уәкел базары Буилер заманында Адуд әд-Даула салдырған-ды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том