Мазмұнға өту

Бригада (телехикая)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бригада
Бригада
Бригада (телехикая)
Жанры боевик
Идея авторы Алексей Сидоров
Игорь Порублев
Александр Велединский
Рөлдерде Сергей Безруков
Дмитрий Дюжев
Павел Майков
Владимир Вдовиченков
Екатерина Гусева
Андрей Панин
Композиторы Алексей Шелыгин
Мемлекет  Ресей
Маусымдар саны 1
Сериялар саны 15
Өндіріс
Серия ұзақтығы 48 мин
Хабар тарату
Таратылым кезеңі 23 қыркүйек 2002 жыл — 17 қазан 2002 жыл
Сілтемелер
IMDb ID 0337898

Бригада2002 жылы жарыққа шыққан Ресейлік сериал.

Халық арасына тез тарқап, көптеген пікірлерге ие болған телехикая. Бұл 15 сериялы фильм 1989 және 2000 жылдар арасындағы оқиғаларды қамтиды. Басты кейіпкерлері 4 бір-бірімен жақсы дос жігіт, онымен қоса олар ақылды қолбасшылар болып саналады. Александр Белый (фильмде Саша Белый есімімен танымал) фильмнің бас кейіпкерлерінің бірі. Фильм «Аватар Фильм» киностудиясымен бірлесіп түсірілген.

"Бригада" телехикаясы режиссер Алексей Сидоровтің ең тұңғыш еңбегі болып табылады. Фильмде 4 дос жігіттерді сомдаған Сергей Безруков, Дмитрий Дюжев, Владимир Вдовиченко және Павел Майковтар сериял жарыққа шыққаннан кейін халық арасында өте танымал бола бастады. Одан да басқа, Андрей Панин, Екатерина Гусева сияқты танымал актерлардың да беделі одан бетер артты. Ресейлік Гангстерлік дастан туралы баяндайтын «Бригада» фильміне негіз болған, одан ертерек ��ыққан «Крестный отец», «Однажды в Америке» фильмдері болып табылады. Алайда ең маңызды рөл «Лицо со шрамам» фильміне беріледі.

2003 жылы «Бригада» көп сериалы фильмы «Телевизионный художественный сериал» номинациясы бойынша «ТЭФИ» жүлдесіне ие болды. Онымен бірге, сол жылы «Лучший игровой телевизионный сериал» номинациясы бойынша «Золотой Орел» жүлдесімен марапатталды. Ал бір жылдан кейін, яғни 2004 жылы, Ресейлік «Бригада» сериалы «художественный сериал» номинациясы бойынша ЕММY International американдық емес жетістіктер үшін берілетін халықаралық жүлденің европалық жартылай финалистер қатарына кірді. Сериалда ең басты р кейіпкерді, яғни Саша Белыйді сомдаған Сергей Виталиевич Безруков 1973жылы қазан айының 18, қазіргі Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ресей халық әртісі (бұл атаққа 2008 жылы ие болған), кинода көптеген рөл сомдаған онымен қоса театрда да өнер көрсеткен. Космос атты өте қатал мінезді жігіт рөлін сомдаған Дмитрий Петрович Дюжев – ресейлік театр және кино актері, 1978 жылы 9 шілдеді бұрынғы КСРО жеріндегі, Астрахань қаласында дүниеге келген. Владимир Вдовиченко (ФИЛ) 1971 жылы 13 тамызда Ресей Федерациясы, Калининград облысында дүниеге келген. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі атағына 2012 жылы ие болды. Павел Сергеевич Майков (Пчёла) – ресейлік актер және тележүргізуші, 2008 жылдан бастап әнші және музыкант. Ол 1975 жылы 15 қазанда бұрынғы КСРО жерінде Мытищида туған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Энциклопедия отечественного кино» сайтындағы "Бригада"