Бақташы акуласы
Сарғыш қоңыр түсті бақташы акула- тропиктік теңіз акулаларының кең тараған түрі. Бақташы акуланың түсі біркелкі сұр болғанымен, үсті жағы сәл сарғыш- қоңыр тартып тұрады. Осы ерекшелігіне байланысты оны «сарғыш- қоңыр түсті бақташы акула» деп атайды. Ал алқымы- аппақ. Бұл акуланың құйрық жағында екі бірдей үшкір жүзбеқанаты бар.
Кездесетін жерлері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарғыш қоңыр түсті бақташы акулалары
- Батыс Үнді мұхиты
- Оңтүстік Африка
- Маврикий
- Сейшель аралдары
- Мадагаскар
- Қызыл теңіз
- Үндістан
- Мальдивте кездеседі.
Тіршілік әрекеттері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Оларда түнгі өмір дәстүрлі қалыптасқан. Күні бойы олар шағын топ болып су астындағы маржан жартастастарының шоқысында ұйықтайды. Ал түнде жортуылға шығады.
Бақташы акула жұмыртқа салады. Олар құрсақта жұмыртқадан шабақтар шығару арқылы көбейеді. Бұл акулалардың жұмыртқалары көп болмайды. Бақташы акулалар шағын мүйісте немесе маржан жартастарынан шамамен 70 метрдей жерде өмір сүреді. Бұл акулалардың ұзындығы 3,2 метрге дейін жетеді. Денесінің түсі тіршілік ету ортасына байланысты өзгеріп отырады.Бақташы акулалар сегізаяқ, балық, ірі теңіз шаяндары және теңіз кірпілерімен қоректенеді.
Қолданылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адамдар акуланың бұл түрінен түрлі дәрумендер алады. Сондай-ақ терісін өңдеп, былғары жасайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2