Мазмұнға өту

Нархоз университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Басқару академиясы бетінен бағытталды)

Координаттар: 43°15′09″ с. е. 76°55′36″ ш. б. / 43.25250° с. е. 76.92667° ш. б. / 43.25250; 76.92667 (G) (O) (Я)
Нархоз университеті
Ұраны:
Learning today – Leading tomorrow
Университет атауы
Халықаралық атауы Narxoz University
Бұрынғы атауы Алматы халық шаруашылығы институты (АХШИ), Қазақ мемлекеттік экономика университеті, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1963 жыл
Оқу тілі Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
Орналасуы
Орналасқан жері  Қазақстан, Алматы
Мекенжайы Қазақстан Алматы, Жандосов көшесі, 55
Кампус қалалық
Әкімшілік
Президенті Қанат Темірғалыұлы Қожахмет
Негізгі көрсеткіштер
Сайты narxoz.edu.kz

Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Жылдар
Оқу орнының атаулары:
1963—1991 Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің «Алматы халық шаруашылығы институты» мемлекеттік меке��есі (АХШИ)
1991—1993 Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті» мемлекеттік мекемесі
1993—2000 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (ҚазМБА)
2000—2001 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі
2001—2002 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ)
2002—2014 «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» акционерлік қоғамы («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» АҚ)
2014—2016 Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ («Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ» АҚ)
2016—2020 «Нархоз университеті» АҚ
2020—қазірге дейін «Нархоз университеті» КЕАҚ

КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылды[1][2].

Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы  болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылды[3].

1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен  Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды [4]. АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды[4].

1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен  «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері[5].

ҚазМЭУ – ҚазМБА – ҚазЭУ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылды[6]. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығарды[7][8].

1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылды[9].

2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілді[10].

1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталды[11]. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды[12].

2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілді[13], 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылды[14].

2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылды[15]. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды[16].

2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды [16].

2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді [18].

Қазіргі заманы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті[17].

2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды[18]. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілді[19].

2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады.

2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді[20].

2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жариялады[21].

2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасы[22], 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі.

Рейтингтердегі Университет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рейтинг Жыл Позиция
Университеттер рейтингі QS EECA 2020 2020[23] 251-300
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Governance) 2023[24] 306
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Environmental sustainability) 2023[25] 413
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Equality) 2023[26] 770
QS Stars рейтингтік жүйесі 2023 2023[27] 4 жұлдыз
Rankings 2023: Орталық Азия 2023 2023[28] Азияда — 451-500, Орталық Азияда — 23.
Университеттердің тұрақтылық рейтингі UI GreenMetric 2023[29] 730
«Атамекен» ҰКП өткізген ЖОО-лар білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі 2023[30] Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жеке ЖОО-лар рейтингінде 1-орын
Академиялық адалдық лигасының рейтингі 2024 2024[31] 1 орын
QS World University университеттерінің рейтингі Rankings 2025 2024[32] 1001-1200
Университеттер рейтингі Times Higher Education 2024[33] 1001-1500
  • Экономика және менеджмент мектебі[34]
  • Құқық және мемлекеттік басқару мектебі[35]
  • Цифрлық технологиялар мектебі[36]
  • Бизнес мектебі[37]
  • Гуманитарлық мектеп[38]

Ғылыми орталықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC)[39].
  • Қазақстандағы Тұрақты дамуды зерттеу институты (SKRI)[40].
  • HR зерттеу орталығы (HRRC).
  • Жібек жолы істері орталығы (SRCC)[41].
  • Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы (CEBR)[42].
  • Data Science зертханасы.

Серіктес ЖОО-лар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгінгі таңда Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларының әр түрлі формаларын ұсынатын 70-тен астам халықаралық серіктестері бар[43]. Нархоз студенттерінің қос диплом, ERASMUS+, академиялық ұтқырлық, жазғы және қысқы мектептер бағдарламалары бойынша үш құрлықтың (континенттің) 23 еліне шетелге шығу мүмкіндігі бар[44].

Ел Университет Білім беру бағдарламасы
Ұлыбритания Queen's University Belfast Қос диплом
Литва Mykolas Romeris университеті Қос диплом
Франция La Rochelle Université Қос диплом
АҚШ Пенн мемлекеттік университеті Қос диплом
Германия Hof University of Applied Sciences Қос диплом

Университеттің негізгі кампусы Алматы қаласының Жандосов көшесі бойында, ал екіншісі 1-микроауданда орналасқан. Нархоз университетінің Жандосов көшесіндегі кампусының аумағы қоғамдық қолжетімділікке ие. Қасбеттің (фасад) алдында саябақ бар, субұрқақ (фонтан) жұмыс істейді, Жапон бағына ие. Кампустың ішінде шағын алаң бар.

Жандосов көшесіндегі кампус аумағында стадион, спорт орталығы, GRANDPOOL фитнес-орталығы, әскери кафедра орналасқан.

2020 жылы Басшылық бас ғимаратты 2022 жылға дейін қайта құрудың басталғаны туралы жария етті [20].

2022 жылы Университет жаңа кампусының қайта құрудан кейінгі салтанатты ашылуы өтті [44]. Кампус 26 IT-зертхана, 112 аудитория мен 115 ашық кеңістік жұмыс аймағына ие. Шетелдік студенттер үшін жеке офис қарастырылған – Welcome center [45].

2023 жылы жаңа студенттік жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жатақхананың құрылысы 2024 жылы аяқталды. Бұл 424 орынға арналған жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Студенттер үшін жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар үш адамға арналған бөлмелер, климаттық бақылау жүйесі мен тұрмыстық техникасы бар. Жеке кір жуатын бөлме, сонымен қатар әр қабатта ас үй мен жұмыс орындары, бірінші қабатта дүкен, кофехана, шаштараз, медициналық пункт, төбесінде жасыл терраса бар[45].

  • 1963 —1975 жж. — Александр Иванович Белов
  • 1975 — 1982 жж. — Виктор Дмитриевич Руднев
  • 1982 — 1988 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
  • 1988-1992ж. — Василий Евдокимович Черкасов
  • 1992—1995 жж. — Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев
  • 1995—2005 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
  • 2005—2012 жж. — Әли Әжімұлы Әбішев
  • 2012—2014 жж. — Серік Аманжолұлы Святов
  • 2015—2018 жж. — Кшиштоф Рыбиньски (Польша)
  • 2018—2020 жж. — Эндрю Вахтель (АҚШ)
  • 2020—2021 — Станислав Буянский (Ресей, АҚШ) Ректор С.Г. Буянский Университеттің ұйымдастырушылық реформасының бастамашысы болды, оның шеңберінде Президент және провост лауазымдарын бір мезгілде енгізу жолымен ректор лауазымы жойылды [22].

Президенттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2021— 2024 — Мирас Мұхтарұлы Дәуленов.

2024 — қ. у — Қожахмет Қанат Темірғалыұлы[46].

Еншілес ұйымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Нархоз университетінің экономикалық колледжі
  • «ESF» корпоративтік қоры
  • «ҚЭУ-сервис» ЖШС

Белгілі түлектер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Первый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.
  2. Казахский экономический университет // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. (CC BY-SA 3.0)
  3. Казахский экономический университет // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. (CC BY-SA 3.0)
  4. Казахский экономический университет // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. (CC BY-SA 3.0)
  5. Алма-Ата. Энциклопедия / Гл. ред. Козыбаев М. К.. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1983. — С. 384. — 608 с. — 60 000 экз.
  6. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P910000413_
  7. https://adilet.zan.kz/rus/docs/U930001120_
  8. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P930000426_
  9. Первый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.
  10. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P000000775_
  11. Первый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.
  12. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P010000434_
  13. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P000000912_
  14. Первый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.
  15. Первый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.
  16. Первый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.
  17. [1]
  18. https://informburo.kz/stati/narhoz-mozhet-stat-liderom-sredi-vuzov-v-centralnoy-azii-o-chyom-govorili-na-narxoz-insight-.html
  19. https://weproject.media/articles/detail/rektor-universiteta-narkhoz-o-perekhode-na-onlayn-obuchenie-i-poluchenii-diploma-vuza-velikobritanii/
  20. [2]
  21. https://optimism.kz/2023/05/26/blokchejn-i-obrazovanie-narhoz-perehodit-na-nft-diplomy/
  22. https://abiturients.kz/universitet-narhoz/
  23. https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2020
  24. https://narxoz.edu.kz/global/global-network/rankings-accreditations-memberships/ Мұрағатталған 26 ақпанның 2024 жылы.
  25. https://narxoz.edu.kz/global/global-network/rankings-accreditations-memberships/ Мұрағатталған 26 ақпанның 2024 жылы.
  26. https://narxoz.edu.kz/global/global-network/rankings-accreditations-memberships/ Мұрағатталған 26 ақпанның 2024 жылы.
  27. https://www.topuniversities.com/universities/narxoz-university
  28. https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings/central-asia/2023?search=narxoz
  29. https://narxoz.edu.kz/global/kz/global-network/rankings-accreditations-memberships/ Мұрағатталған 22 сәуірдің 2024 жылы.
  30. https://inbusiness.kz/ru/last/novyj-rejting-vuzov-sostavili-v-kazahstane
  31. https://newtimes.kz/obshchestvo/184962-opublikovan-ezhegodnyi-reiting-kazakhstanskikh-universitetov
  32. https://www.topuniversities.com/universities/narxoz-university
  33. https://www.timeshighereducation.com/impactrankings#!/length/25/name/Narxoz/sort_by/rank/sort_order/asc
  34. https://kk.narxoz.kz/sem/
  35. https://kk.narxoz.kz/slpp
  36. https://kk.narxoz.kz/ste/
  37. https://narxoz.edu.kz/nbs
  38. https://kk.narxoz.kz/hhs
  39. https://kk.narxoz.kz/research/institutes/gerc
  40. https://narxoz.edu.kz/research/institutes/skri
  41. https://narxoz.edu.kz/research/institutes/srcc
  42. https://narxoz.edu.kz/research/institutes/ecelr Мұрағатталған 26 ақпанның 2024 жылы.
  43. https://forbes.kz/actual/education/studentyi_narhoza_cmogut_poluchit_diplom_topovogo_britanskogo_vuza_iz_russell_group/
  44. https://narxoz.edu.kz/global/kz/go-abroad/students/ Мұрағатталған 22 сәуірдің 2024 жылы.
  45. https://qaz.ulysmedia.kz/news/18975-narkhoz-universiteti-almatyda-zhana-formatta-salyngan-zhatakkhanany-ashty/
  46. https://forbes.kz/articles/kanat_kojahmet_naznachen_prezidentom_universiteta_narhoz