Мазмұнға өту

Баспалдақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баспалдақ, АқтөбеҚарағанды облысы Шет ауданындағы өзен, Нұра алабында орналасқан. Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 321 км2. Бастауын Қызылқұрт тауының оңтүстігінен алып, Шерубайнұра өзеніне құяды. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Сәуір – мамыр айларында тасиды. Суы шабындықтар мен жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы