Мазмұнға өту

Аққағаз Досжанова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аққағаз Досжанова
Сурет
Туған күні

25 мамыр 1893 (1893-05-25)

Туған жері

Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы

Қайтыс болған күні

21 қаңтар 1932 (1932-01-21) (38 жас)

Қайтыс болған жері

Шымкент

Қызметі

Дәрігер

Аққ��ғаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932, Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы, .

  • 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.
  • 1917 жылы қазақ зиялылары ұйымдастырған Мәскеудегі Татар слободасындағы медреседе өткен бас қосуға қатысып, мұсылман елдерінің азат болуы туралы баяндама жасайды. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік еді.
  • 1917 жылы 1-8 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, мұсылман әйелдерінің мүң-мұқтажын жоқтап сөз сөйлейді. Осылай жұрт назарына ілігіп, елінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтап жүргенде өзі ауруға шалдығып, Мәскеуде түра алмай, 1918 жылы елге қайтады.
  • Бірер жыл денсаулығын күтіп, аурудан айыққан соң 1920 жылы Томск медициналық университетіне оқуға түседі
  • 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетіне ауысады.
  • Оқи жүріп ординатор-дәрігер болып қызмет істейді.
  • 1922 жылы оқуын бітіріп, жұмысқа араласады. Жастайынан ұлтының тағдырына күйініп, жаны шырқырап жүрген аяулы қыздарын қазақтың сол кездегі ел ағалары қатты құрметтеген екен.
  • Оның университетті бітіруі салтанатты түрде мемлекеттік деңгейде аталып өтіп, 1922 жылы 14 желтоқсанда Түркістандағы Орталық Азия университетінде оқып жүрген жергілікті ұлт қыздарына А.Досжанова атындағы стипендия тағайындайды.
  • 1928-1929 жылдары Ташкентте тұрақтайды
  • 1930 жылы отбасымен Алматыға көшіп келіп, № 1 ауруханада гинеколог болып жүмыс істейді.
  • 1932 жылы Шымкент қаласында өкпе туберкулезінен қайтыс болады.

Медицина тақырыбындағы еңбектерінен тыс, «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» атты әлеуметтік, жалпыұлттық тақырыптарда мақалалар жариялайды. Осы мақалаларынан оның саяси ұстанымын, ұлтшыл бағытын, адами тұлғасын тануға болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7