Ақсуат ауылдық округі (Қызылорда облысы)
Қазақстан ауылдық округі | |
Ақсуат ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді |
1 ауыл |
Тұрғыны (2009) |
3780 |
Уақыт белдеуі | |
Автомобиль коды |
11 |
Ақсуат ауылдық округі – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамына Махамбетов ауылы кіреді. Орталығы – Махамбетов ауылы.[1]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3780 адамды құрады.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақсуат ауылдық округінің негізі 1928 жылы қаланған. Ауыл алғашқы ауыл шаруашылық артельдерін ұжымдық шаруашылықтарды ұйымдастыруға қатысқан Жанбосынов Ешпанның атымен Ешпан ауылдық кеңесі аталған. 1928-1932 жылдар аралығында құрылған майда серіктестіктер 1934 жылы төртінші ауылдық кеңесі бойынша Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қара қожа, Батбаққара ұжымдық шаруашылықтары болып ұйымдасқан. 1938 жылы мамыр айында бұл 7 шаруашылық біріктіріліп, 3 шаруашылыққа (Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров) айналды. 1950 жылы бұл үшеуі біріктіріліп, іргелі шаруашылық Киров ұжышары болып құрылды. 1972 жылы Киров ұжымшары көкөніс және сүт өндіретін кеңшарға айналды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін 1992 жылдан бастап жекешелендіру кеңінен етек ала бастады. Кеңшар Қаратабан, Жаңадария, Бесарық, Қырықбайтақ деп аталатын 4 ұжымдық кәсіпорындарға бөлінді. Олар бидай, күріш, көкөніс, жоңышқа егумен және мал шаруашылығымен айналысты. 1993 жылдың ақпан айында ХХІ шақырылған халық депутаттарының облыстық кеңесінің ХІ сессиясының қаулысымен Сырдария ауданы Киров ауылдық кеңесі Ақсуат ауылдық кеңесі болып аталды. 1994 жылдан бастап Киров кеңшары Кеңестер Одағының батыры Жақыпбек Маханбетов ауылы болып аталды. 1997 жылы маусым айында облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің шешімімен Сырдария ауданы таратылып, Ақсуат ауылдық округі Қызылорда қаласына қарады. Қызылорда қаласы әкімінің 2003 жылғы 28 шілдедегі №3052 санды шешімімен Ақсуат ауылдық округінің жер көлемі – 18230 гектар болып бекітілді.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 14 мамырдың 2019 жылы.
- ↑ АҚСУАТТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП Мұрағатталған 7 тамыздың 2023 жылы.
|