Ақсуат ауданы
Қазақстан ауданы | |
Ақсуат ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
9 |
Ауыл саны |
27 |
Әкімі |
Ерсін Кәдірбекұлы Ескендіров |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі, №1 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°45′42″ с. е. 82°48′24″ ш. б. / 47.76167° с. е. 82.80667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°45′42″ с. е. 82°48′24″ ш. б. / 47.76167° с. е. 82.80667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
13,6 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
19 735[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (99,42%), немістер (0,18%), орыстар (0,07%), татарлар (0,07%), басқа ұлт өкілдері (0,26%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
18 |
Ақсуат ауданы — Абай облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Ақсуат ауылы.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан батысында Аягөз және Жарма аудандарымен, солтүстігінде Көкпекті ауданымен, оңтүстігінде Үржар, Мақаншы аудандарымен мен ҚХР аумағымен, шығысында ШҚО-ның Тарбағатай ауданымен шектесiп жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақсуат ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының құрамында Көкпекті және Тарбағатай аудандарының бөліктерінен құрылды.
1939 жылы 14 қыркүйекте Ақсуат ауданы Семей облысына кірді. Сонымен бірге оның құрамына Ақжайлау, Ақсуат, Алғабас, Ерназар, Қарғыба, Қызылқайың, Қызылкесек, Көкжирен, Көктүбек, Құмкөл, Ойшілік, Сталин және Үшарал ауылдық кеңестері кірді.
1954 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Ерназарға, Көктүбек - Көкжиренге, Сталин - Қызылкесекке, Қызылқайың - Ақсуатқа қосылды. Қарғыба ауылдық кеңесі таратылды.
1958 жылы Үшарал ауылдық кеңесі Аягөз ауданына берілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Ақсуат ауданы жойылып, оның аумағы Көкпекті ауданына берілді.
1964 жылы 31 желтоқсанда Ақсуат ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Көкпекті ауданының Ақсуат, Ақжайлау, Ерназар, Қызылкесек, Көкжирен, Құмкөл және Ойшілік ауылдық кеңестері кірді.
1965 жылы Ақжайлау ауылдық кеңесі жойылып, Алғабас ауылдық кеңесі құрылды.
1971 жылы Сәтпаев ауылдық кеңесі, 1980 жылы Жданов ауылдық кеңесі құрылды.
1989 жылы Жданов ауылдық кеңесі Екпек болып өзгертілді.
1993 жылы Ерназар ауылдық кеңесі Ырғызбай, Алғабас ауылдық кеңесі Кіндікті болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Ақсуат ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.
1997 жылы 23 мамырда Ақсуат ауданы жойылып, оның аумағы Тарбағатай ауданына берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес 2022 жылы 7 маусымда Ақсуат ауданы Тарбағатай ауданының құрамынан бөлініп, жеке аудан болып қайта құрылды.[3]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 2009 | 2021 | 2023 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
12459 | ▲15370 | ▲28205 | ▲32112 | ▲33100 | ▼21276 | ▼19916 | ▼19735 |
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]27 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақсуат ауылдық округі | 6126 | ▲ 7183 | 117,3 | 3025 | ▲ 3617 | 119,6 | 3101 | ▲ 3566 | 115 |
Екпін ауылдық округі | 1997 | ▼ 1907 | 95,5 | 1024 | ▼ 949 | 92,7 | 973 | ▼ 958 | 98,5 |
Көкжыра ауылдық округі | 2410 | ▼ 2143 | 88,9 | 1214 | ▼ 1107 | 91,2 | 1196 | ▼ 1036 | 86,6 |
Кіндікті ауылдық округі | 769 | ▼ 682 | 88,7 | 439 | ▼ 373 | 85 | 330 | ▼ 309 | 93,6 |
Құмкөл ауылдық округі | 2321 | ▼ 1901 | 81,9 | 1175 | ▼ 976 | 83,1 | 1146 | ▼ 925 | 80,7 |
Қызылкесік ауылдық округі | 2784 | ▼ 2149 | 77,2 | 1422 | ▼ 1120 | 78,8 | 1362 | ▼ 1029 | 75,6 |
Ойшілік ауылдық округі | 2442 | ▼ 1984 | 81,2 | 1291 | ▼ 1060 | 82,1 | 1151 | ▼ 924 | 80,3 |
Сәтбаев ауылдық округі | 1232 | ▼ 925 | 75,1 | 633 | ▼ 473 | 74,7 | 599 | ▼ 452 | 75,5 |
Ырғызбай ауылдық округі | 1195 | ▼ 1042 | 87,2 | 599 | ▼ 534 | 89,1 | 596 | ▼ 508 | 85,2 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 21276 | ▼ 19916 | 93,6 | 10822 | ▼ 10209 | 94,3 | 10454 | ▼ 9707 | 92,9 |
Әкімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Асхат Сайдахметұлы Смаилов (07.2022—09.2024)[6]
- Ерсін Кәдірбекұлы Ескендіров (12.2024 бастап)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2023 жыл басына)
- ↑ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Асхат Смаилов Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006.
|
|