Ащысор
Көрініс
Ащысор | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 6 × 4 км |
Ауданы | 24 км² |
Тереңдігі | 0,6 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 177 км² |
Орналасуы | |
50°11′37″ с. е. 71°05′16″ ш. б. / 50.19361° с. е. 71.08778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°11′37″ с. е. 71°05′16″ ш. б. / 50.19361° с. е. 71.08778° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Аудан | Нұра ауданы |
Ащысор — Нұра өзенінің алабындағы тұйық, тұзды көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарағанды облысы Нұра ауданының орталығы - Нұра кентінен батысқа қарай 27 км жерде, Мұзбел оңтүстігінде орналасқан.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аумағы 24 км2. Ұзындығы 6 км, ені 4 км, тереңдігі 0,6 м. Су жиналатын алабы 177 км2. Жауын-шашын аз жылдары аумағы кішірейіп қалады. Суы кермек, тым тұтқыр, әлсіз сілтілі келеді. Жалпы минералд. 5,6 г/л. Қарашада мұз қатып, сәуірде ериді.
Жағалау сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жағалауы ұсақ шығанақ, түбектермен тілімделген. Көл жағалауында құрақ, қамыс, әр түрлі шөпті шалғын мен бұта өседі. Суы көктемде мал суаруға, алабы мал жаюға пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9