Асанәлі Әшімұлы Әшімов
Асанәлі Әшімұлы Әшімов | ||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||
Мамандығы |
актер | |||||||||||||
Белсенді жылдары | ||||||||||||||
Бағыты |
тарихи фильм, драма, мелодрама, атыс-шабыс, көркем фильм, комедия | |||||||||||||
Марапаттары |
|
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: - Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.
Толығырақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.
- 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.
- 1961 жылдан Қазақфильм киностудиясына актерлік штатқа қабылданды.
- 1964 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады.
Кино
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.[1]
Кітаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Майраның әні»
- «Жан бөлек»
- «Алаштың Асанәлісі»
- «Менің жанрым – күнделік»
- «Ғұмыр-дария»
Ол туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Туған ауылында атасы (әкесінің әкесі) Ысқақ пәрідар атымен мешіт салды.
- Жыл сайын әкесі Әшім Ысқақұлы атындағы шахматтан облыстық турнир ұйымдастырады.
- Кенже баласына өз есімін беріп, оны да Асанәлі атаған.
Мемлекеттік марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды құрметті атағы 2017 жылдың 18 мамырндағы ҚР президенті - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақ кино өнеріне сіңірген айрықша зор еңбектері үшін өзі марапаттады. (Астана, Ақорда).
Қазақстан Республикасының марапаттары
- 2000 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
- 2001 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан ордені мен марапатталды.
- 2003 жылы Ең алғашқы "Шәкен жұлдыздары" фистивальінің лауреаты
- 2007 жылы Парасат ордені
- 2007 жылы Құрмет ордені (70 жас мерей тойы қарсаңында)
- 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
- 2012 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" төсбелгісі;
- 2014 жылы Қазақ театры мен кино өнеріндегі ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарығы мемлекеттік марапаты І дәрежедегі Достық орденімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттады (Астана, Ақорда);
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі
- ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
- ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
КСРО марапаттары
- Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі
- 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйллығының иегері
- 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері
- 1976 жылы Қазақ КСР халық артисі.
- 1980 жылы КСРО халық артисі
- КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
- КСРОның бірнеше мәрте кинофистивальдерінің жүлдегері
Халықаралық марапаттары
- 2007 жылы Ресейдің Ломоносов атындағы алтын Орденімен марапатталған.
- 2011 жылы ТМДның «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты және «Достастық жұлдызы» Ордені;
- 2013 жылы «Аңыз Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты;
- 2007 жылы Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» Орденімен марапатталды.
- Алматыда жеке жұлдызды аллеясы ашылған.
Құрметті атақтары
- Қазақстанның бірнеше аудандарымен ауылдарының құрметті азаматы
- 2002 жылы Жамбыл облысының құрметті азаматы
- 2015 жылы Алматы қаласының құрметті азаматы
- 2017 жылы Түркістан облысының құрметті азаматы
- Сарысу ауданының құрметті азаматы
- Қазақстанның бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері
- 2015 жылы Қыздар университетінің «Ұлағат» алтын медалі;
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Қазақ театры��ың дамуына орасан зор үлесін қосқаны үшін» арнайы аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
- Pages with image sizes containing extra px
- 8 мамырда туғандар
- 1937 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Сарысу ауданында туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- XX ғасыр актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- КСРО кинорежиссёрлері
- Қазақстан кинорежиссёрлері
- XX ғасыр кинорежиссёрлері
- XXI ғасыр кинорежиссёрлері
- Қазақстанның Еңбек Ерлері
- Достық орденінің иегерлері
- Отан орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Астана медалінің иегерлері
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақстан театр актерлері
- КСРО театр актерлері
- Қазақстан театр педагогтары
- КСРО театр педагогтары
- XX ғасыр театр педагогтары
- Қазақстан сценарийшілері
- КСРО сценарийшілері
- XX ғасыр сценарийшілері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- КСРО халық әртістері
- КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақфильм тұлғалары
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері
- Сахнагер ұлттық театр сыйлығының иегерлері
- Қазақстан мәдениет саласының үздіктері
- Түркістан облысының құрметті азаматтары
- Алматының құрметті азаматтары
- Құлагер ұлттық киносыйлығының иегерлері