Артқы аяқ қаңқасы
Артқы аяқ қаңқасы (көне грекше: skeleton membri pelvini; көне грекше: skeleton — қаңқа, лат. membra - аяқ, лат. pelvis - жамбас, - жануарлардың артқы аяқтарының сүйектерінен тұрады. Артқы аяқ қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: жамбас белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Барлық жануарларда артқы аяқ жамбас белдеуінің қаңқасын (көне грекше: skeleton cingulum membri pelvini): жамбас сүйек (тазовая кость — көне грекше: os сохае) құрайды. Ол өз кезегінде бір-бірімен тұтаса байланысқан мықын сүйектен (подвздошная кость — көне грекше: os ilium), шонданай сүйектен (седалищная кость — көне грекше: os ischii) және шат сүйектен (лонная кость — көне грекше: os pubis) тұрады. Артқы аяқ еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (көне грекше: skeleton membri pelvini liberi) өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) беліктен құралған. Проксимальды бөліктің (stylopodium) қаңқасын - ортан жілік (бедренная кость — көне грекше: os femoris), ортаңғы бөліктің (көне грекше: zeugopodium) қаңқасын — сирақ сүйектері, дистальды бө��іктің (көне грекше: autopodium) қаңқасын — артқы аяқ басының сүйектері құрайды. Сирақ сүйектеріне (кости голени — көне грекше: skeleton cruris): асықты жілік (болыная берцовая кость — көне грекше: tibia) және шыбық сүйек (малая берцовая кость — көне грекше: fibula) жатады. Артқы аяқ дистальды бөлігінің қаңқасын — артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы — көне грекше: skeleton pedis) деп атайды. Ол өз кезегінде үш қатар орналасқан бөліктерден: жоғарғы қатардағы — негізгі бөліктен (көне грекше: basipodium), ортаңғы қатардағы — аралық бөліктен (көне грекше: metapodium), төменгі қатардағы — соңғы бөліктен (көне грекше: acropodium) құралған. Негізгі бөліктің қаңқасын — тілерсек сүйектері (кости заплюсны — көне грекше: ossa tarsi), аралық боліктің қаңқасын — артқы жіліншік сүйектері (кости плюсны — көне грекше: ossa metatarsalia), соңғы бөліктің қаңқасын - бақай (башпай) сүйектері (кости пальцев — көне грекше: ossa digitorum pedis) құрайды. Тұяқты жануарларда бақай сүйектері үш бунақтан (фалангадан): жоғарғы бунақ — тұсамыс сүйектен (путовая кость — көне грекше: os compedale), ортаңғы бунақ — топай сүйектен (венечная кость — көне грекше: os coronale), төменгі бунақ — тұяқ сүйектен (копытная кость, копытцевая кость — көне грекше: os ungule, os ungulare) құрайды. Итте төменгі бунақ сүйегі — тырнақ сүйек (когтевая кость — көне грекше: os unguiculare) деп аталады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |