Мазмұнға өту

Аргентит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аргентит, күміс жылтыры – сульфидтер класының минералы. Химиялық формуласы Ag2S. Құрамында күміс (87,1%), күкірт (12,9%) және қоспа ретінде мыс, қорғасын, темір, т.б. болады. Кубтық сингонияда кристалданады, жоғарғы температурада (179°С-тан жоғары) кристалдары куб, төменгі темпрада ромб тәрізді келеді. Түсі сұр, қара сұр, жаңа сынған жері металша жылтыр келеді, бірақ тез тотығып қараяды. Қаттыллығы 2 – 2,5; меншікті салмағы 7,2 – 7,4 г/см3. Аргентит полиметалл кендерінде сульфидтермен, т.б. күмісті минералдармен бірге кездеседі. Аргентит – күміс өндірілетін кентас. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том