Мазмұнға өту

Анджелина Джоли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Анджелина Джоли
Angelina Jolie
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Анджелина Джоли Войт

Туған күні

4 маусым 1975 (1975-06-04) (49 жас)

Туған жері

Лос-Анджелес, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса
кинопродюсер
режиссёр
фотомодель

Белсенді жылдары

1982-1993қазіргі уақытқа шейін

Марапаттары

«Оскар сыйлығы» (2000)
«Алтын глобус» (1998, 1999, 2000)

IMDb

ID 0001401

Анджелина Джоли Войт II (ағылш. Angelina Jolie Voight, 1975 жылы 4 маусымда туған) — Голливуд әртісі, режиссер, сценариші, фотомодель, "Оскар сыйлығы" сыйлығының иегері, және үш мәрте "Алтын глобус" сыйлығының иегері.

Алғаш рет 1982 жылы «В поисках выхода» фильмінде түсті. Бірақ әртіс «Лара Крофт: Расхитительница гробниц» және «Лара Крофт: Расхитительница гробниц. Колыбель жизни» фильмдерінен кейін ғана танымал болды. Forbes журналы бойынша Анджелина Джоли 2003, 2011 және 2013 жылдарда Голливудтың ең табысты әртісі болған. Оның ең табысты рөлдері : «Малефисента» (785 миллион доллар), «Мистер және миссис Смит» (478 миллион доллар), «Особо опасен» (341 миллион доллар), «Солт» (293 миллион доллар), «Турист» (278 миллион доллар), «Лара Крофт: Расхитительница гробниц» (274 миллион доллар).

Балалық шағы, жастық шағы, отбасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анджелина Джоли Войт Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) атақты американдық актер Джон Войт пен франк-канадалық актриса Маршелин Бертранның отбасында дүниеге келген.[1].

Шығу тегіне байланысты Джолидің бойында бірнеше ұлттың қаны бар. Соның ішінде-словакиялық, неміс (әкесінің тарапынан)[2][3], франк-канадалық, голланд (анасының тарапынан)[4]. Анджелинаның Джеймс Хейвен есімді ағасы бар.

Джолидің ата-анасы 1976 жылы ажырасып кеткен (ажырасу екі жылдан соң рәсімделді). Анасы бір жастағы Анджелинамен және оның ағасымен Нью-Йоркке көшіп кетеді[1]. Бір жылдан соң Войт «Возвращение домой» атты фильмде сомдаған рөлі үшін «Оскар сыйлығы» алады, ал Бертран болса өзінің беделді актриса болу арманынан бас тартып, өзінің уақытын бала тәрбиесіне арнайды. Бертран балаларды жиі киноға апару арқылы Джолидің актерлік шеберлікке қызығушылығын оятады.

Анджелина 11 жасқа толған кезде, отбасы Лос-Анджелеске қайтып оралады. Сол кезде Джоли Ли Страсберг киномектебінде және Беверли-Хиллз мектебінде оқиды. Бұл жерде Анджелинадан өзге студенттерден асқан актерлік шеберлігі бар екені байқалды, алайда ол секон-хенд киімін киетін әдетінің әсерінен өзін жайсыз сезініп жүрді. Модель болу мүмкіндігінен бірнеше рет айырылған Джоли өзін одан да бетер жайсыз сезінді. Кейінірек, Джоли сол кездерде өзін бақытсыз, жабырқаулы, ешкімге керексіз күйде болып, ақырында денесін тіліп, жаралай бастағанын мойындады. CNN телеканалына берген сұхбатында ол: «Мен пышақтың көптеген түрін жинап жүрдім. Және де денемді пышақпен өрнектеу мен үшін емдей болды» деп айтады[5]. Ол уақытта Анджелина тек қана қара түсті киім киіп, шашын қызыл түске бояп, өзін жек көретін болған[6]. 1996 жылы «The Daily Mirror» сұхбатында Джоли наркотик қолданғанын ашық айтып, 20 жасында қолдануға келетін заттардың түгелдей дерлік дәмін татқанын мойындады.[7].

Анджелина Джоли әкесі Джон Войтты ұнатпайтыны белгілі. Оның айтуы бойынша, әкесі анасының көзіне шөп салғандықтан үйден кетіп қалған. Бұған қарамастан әкесімен ара-қатынасын қайта калпына келтіргісі келіп, оны «Лара Крофт-расхитительница гробниц» (2001) фильміне түсуге шақырады. Бірақ та, фильм түсіру кезінде араларында кикілжің пайда болып, соның әсерінен Джоли әкесін еске алғысы да келмейді[8]. 2002 жылдың ортасында Джоли ресми түрде арыз беріп, есімін тек қана «Анджелина Джоли» болуын қалайды[9]. Сол жылы Джон Войт сұхбатында қызының психикасында ақаулар бар екенін айтады. 2004 жылы «Premiere» журналына берген сұхбатында Джоли: "Енді әкеммен байланыс ұстау мені қызықтырмайды" дейді, және де неге мұндай шешімге келгенін айтпайды. Джон Войт әлі күнге дейін Анджелинаның балаларымен кездеспеген, өйткені, Джоли кездесуге рұқсат бермеген екен.

Анджелина Джолидің анасы Маршелин 27 қаңтар 2007 жылы Лос-Анджелес емханаларының біреуінде 7 жыл обырмен күресуден кейін 56 жасында дүниеден озады.[10] Анджелина мен ағасы Джеймс Хэйвенмен екеуінің арасы өте жақын. Ағасы оны түрлі салтанатты шараларга жиі шығарып салады. 2000 жылы Джоли ағасымен бірге ел алдында олардың арасында махаббат бар екенін жоққа шығарады.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2014 жылдың 24 тамызында Францияда үйленген. Олардың жеті баласы бар: ұлдары Мэддокс Шиван (Maddox Chivan), Пакс Тьен (Pax Thien), Нокс Леон (Knox Leon) және Мусса (Moussa); қыздары Захара Марли (Zahara Marley), Шайло Нувель (Shiloh Nouvel) және Вивьен Маршелин. Олардың үшеуі ғана Шайло, Нокс және Вивьен Анджелина Джоли мен Брэд Питтың биологиялық балалары.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Van Meter, Jonathan Angelina Jolie: Body Beautiful  (ағыл.). Тексерілді, 24 қазан 2011.
  2. Reitwiesner, William Addams. "Ancestry of Angelina Jolie". Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 қыркүйек 2012.. William Addams Reitwiesner Genealogical Services. 7 шілде 2011 жылы тексерілді.
  3. Slovak Studies Program Is Jon Voight Slovak?. University of Pittsburgh. Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 ақпан 2012. Тексерілді, 24 қазан 2011.
  4. David Fisher, 2 қараша 2007 года. Hillary, Meet Your New Cousins: Angelina and Madonna, people.com. Тексерілді 24 қазанның 2011.
  5. "Transcripts: Paula Zahn Now". Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 мамыр 2012.. CNN.com. маусым 9, 2005. 7 шілде 2011 жылы тексерілді.
  6. Wills, Dominic. "Angelina Jolie Biography". Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 мамыр 2012.. Tiscali.co.uk. 7 шілде 2011 жылы тексерілді.
  7. Анджелина Джоли подала в суд на Daily Mail за «наркотическое» видео — Интерфакс
  8. Van Meter, Jonathan. «Angelina Jolie: Body Beautiful». Vogue. сәуір 2002. 7 шілде 2011 жылы тексерілді.
  9. Grossberg, Josh. «Angelina Jolie’s Name Interrupted». E! Online. September 17, 2002. 7 шілде 2011 жылы тексерілді.
  10. Green, Mary. "Angelina's Heartbreak". Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қыркүйек 2012.. People. February 12, 2007. 31 желтоқсан 2011 жылы тексерілді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Angelina Jolie