Мазмұнға өту

Анатолий Евгеньевич Карпов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Анатолий Карпов
Анатолий Евгеньевич Карпов

Анатолий Карпов (2017)
Мемлекеттер

 КСРО
 Ресей

Туған күні

23 мамыр 1951 (1951-05-23) (73 жас)

Туған жері

Златоуст, Челябі облысы, КСРО

Лауазымы

Гроссмейстер (1970)

Максималды рейтингі

2780 (шілде 1994)

Актуалды рейтингі

2617 Шахматшының id табылмады

Марапаттары мен сыйлықтары

Шахматтан әлем чемпионы (1975—1985)

Жеке мағлұматы ФИДЕ сайтында
Жеке мағлұматы Chess DB сайтында

aekarpov.com

Анатолий Евгеньевич Карпов[1](23.5.1951 жылы туған, Ресей, Златоуст қаласы) – шахматтан дүние жүзінің 12-ші чемпионы, жастар арасындағы дүние жүзі чемпионы (1969), халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (1970), спортқа еңбек сіңірген шебер (1974), шахматты шапшаң ойнаудан дүние жүзі және Еуропа чемпионы (1988).

  • Шахматтан “Оскар” жүлдесін тоғыз рет иемденген (1973 – 1977, 1979 – 1981, 1984).
  • Негізгі мамандығы – экономист.
  • Шахмат ойнауды 4 жасында үйренген. 9 жасында бірінші разряд, 15 жасында КСРО спорт шебері нормасын орындады.
  • 1968 жылы Гронингенде Нимейер Кубогін жеңіп алды.
  • 1969 жылдан бастап С.Фурманның жетекшілігімен жаттықты.
  • 1970 жылы Ресейдің чемпионы атанса,
  • Венесуэлада (Каракас, 1970) 4 – 6 орынды,1971 жылыМәскеу мемориалында 1 – 2 орынды Л.Штейнмен, Англиядағы Гастингс турнирінде (1971/72) 1 – 2 орынды В.Корчноймен, 1972 жылы АҚШ-тағы Сан-Антонио турнирінде 1 – 3 орындарды Т.Петросян, Л.Портишпен бөлісті. КСРО чемпионы (1976, 1982, 1983) болды, 1972 жылы Македонияда өткен дүниежүзілік шахмат олимпиадасында (Скопье қ.) өз тақтасы бойынша 15 мүмкіндіктен 13 ұпай жинап бірінші орынға шықты. 1974 жылы Францияда өткен шахмат олимпиадасында (Ницца қ.) бірінші тақтада бас жүлдені еншіледі. 1973 жылдан бастап шахматтан дүние жүзі чемпионы тәжі үшін аймақаралық турнирге қатысып, Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) В.Корчноймен 1 – 2 орындарды бөлісті. Үміткерлік жолдағы ширек финалда Л.Полугаевскийден – 5,5:2,5, жартылай финалда Б.Спасскийден – 7:4, финалда В.Корчнойдан – 11:5 есебімен басым түсіп, сол кездегі дүние жүзінің чемпионы америкалық Р.Фишермен ойнауға мүмкіндік алды. Бірақ Фишер матчтан бас тартқандықтан К. 1975 жылыүшінші сәуірде дүние жүзінің чемпионы болып жарияланды. Чемпиондық атағын қорғау мақсатында В.Корчноймен екі рет кездесіп, 1978 жылы15:5, 1981 жылы 11:7 есебімен жеңіске жетті. 1985 жылы Г.Каспаровтан жеңілген (11:13) соң, чемпиондық атағынан айырылды. Мұнан соң 1986, 1987 жылдары Каспаровпен қарымта матчтар өткізді. Бірақ атағын қайтарып ала алған жоқ.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ізашары:
Бобби Фишер
Шахматтан әлем чемпионы
1975—1985
Ізбасары:
Гарри Каспаров
Шахматтан әлем чемпиондары
1993 жылға дейін
Вильгельм Стейниц | Эмануил Ласкер | Хосе Рауль Капабланка | Александр Алехин | Макс Эйве | Михаил Ботвинник | Василий Смыслов | Михаил Таль | Тигран Петросян | Борис Спасский | Роберт Фишер | Анатолий Карпов | Гарри Каспаров
19932006
ФИДЕ нұсқасы бойынша PCA нұсқасы бойынша
Анатолий Карпов | Александр Халифман | Вишванатан Ананд | Руслан Пономарёв | Рустам Касымджанов | Веселин Топалов Гарри Каспаров | Владимир Крамник
2006 жылдан кейін
Владимир Крамник | Вишванатан Ананд | Магнус Карлсен | Дин Лижэнь | Гукеш Доммараджу