Мазмұнға өту

Анартастар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Анартастар силикаттар класына жататын минералдар тобы. Ортақ химиялық формуласы: A3B2[SіO4]3, мұндағы A=Mg, Fe2+, Mn2+, Ca; B=Al, Fe3+, Cr3+, Mn3+, Tі. Химиялық құрамы А және В топтарындағы элементтердің изоморфты орын алмастыруымен анықталады. Анартастар құрамында қоспа түрінде өте аз мөлшерде калий, фосфор, ванадий, бериллий оксидтері кездеседі. Кубтық сингонияда кристалданады. Анартастар тұтас дәнді агрегаттарды жиі түзейді. Түсі қызыл, сары, жасыл. Шыныдай, кейде алмастай жылтыр. Қаттылығы 6,5 – 7,5; меншікті салмағы 3,5 – 4,2 г/см3. Анартастар кристалдық тақтатастардың тау жынысын құраушы минералы болып табылады. Негізгі бөлігі жапсарлы-метасоматиттік жағдайда қышқыл магма мен карбонатты жыныстардың жапсарында түзіледі. Бояуы қанық, мөлдір түрлері зергерлік істе, сапасы төмендері абразивті материал ретінде ағаш өңдеу, т.б. өндірісте қолданылады.[1]

  1. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;