Мазмұнға өту

Альвеола

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Альвеола

Альвеола (лат. alveolus — ұяшық, көпіршік) —

1. қалталы альвеолярлық бездердің шеттік бөлімдері - (анамерлернемесеадинустар);
2. өкпе бронхыларының өте ұсақ тармақтарының ұшындағы капиллярларға толы домалақ немесе сопақша көпіршіктер; пішіні сопақша немесе дөңгелекше келген, кең қуысты анатомиялық немесе гистологиялық қапшық немесе көпіршік тәрізді құрылым. Кейбір бездердің сөл бөлетін соңғы бөлімдерінің, өкпе көпіршіктерінің, жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тіс ұяшықтарының ғылыми атауы — "альвеола". Альвеолалардан адам мен жануарлар бездерінің ацинустары, өкпенің газ алмасу бөлімі құралған. Адам өкпесіндегі альвеолалардың орташа саны 700 млн. астам.[1]
3. жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың жақ сүйектерінде тіс тамыры орналасқан ұялар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9