Алматы өңірлік қаржы орталығы
«Алматы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы (АӨҚО АҚ) — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған. Қоғам қызметі "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, қолдауға және инфрақұрылымына әкімшілік етуге бағытталған.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.
Негізгі міндеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Халықаралық стандарттарға жауап беретін және шет елдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;
- Қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тарту;
- Қор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту.
- Жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;
- Қағаздардың нарығын және қаржы орталығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру;
- Алматы қаласы инвестициялық тартымдылығын арттыру және шет елде Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық келбетін қалыптастыру;
- Қаржы орталығы қызметін ұйымдық -техникалық жағынан қамтамасыз ету;
- ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу.
Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО -Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алматы өңірлік қаржы орталығының ресми торабы Мұрағатталған 26 тамыздың 2021 жылы.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|