Мазмұнға өту

Акакий Алексеевич Хорава

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Акакий Хорава театры

Акакий алексеевич Хорава (груз. აკაკი ხორავა; 1895 жыл 29 сәуір1972 жыл 6 маусым, Тбилиси, Грузия) - грузин кеңес актері, КСРО халық әртісі (1936), профессор (1947), қоғам қайраткері.

Кедей шаруа отбасысында туған. Алғашқыда Киев университетінің медициналық факультетінде, одан кейін режиссер А. Н. Пагаваның театр студиясында (Тбилиси) оқыды. Сахналық өнер сырын А. В. Ахметели мен К. А. Марджанишвилиден үйреніп, олардан үлгі-өнеге алды. 1922 жылдан Грузин драма театрында актер болып, қаһармандық – романтикалық тақырыпта қойылған спектальдерде өнер толғады. Ол Берсенев (Лавреневтің «Тас-талқанында»), Анзор, Арсен, Платон, Кречет (Шаншиашвилидің және Корнейчуктың осы аттас драмаларында), Карл Моор (Шиллердің "Қарақшыларында"), Иван Грозный (Соловьевтің «Ұлы патшасында»), Муравьев (Чирсковтың «Жеңімпаздарында»), Эдип (Софоклдың «Эдип патшасында») тағы басқа рольдерді үздік орындаумен ұлттық театр өңірінде социалистік реализм принципін тұжырымдады. Әсіресе оның зорлық-зомбылыққа бүкіл жан-тәнімен қарсы күрескер бейнесінде кескіндеген Отелло ролі (Шекспирдің осы аттас трагедиясында) көп ұлтты кеңес театрының зор жетістігіне айналды.

1924 жылдан киноға түскен: Георгий Саакадзе (осы аттас фильмде, 1942 – 43), Скандербек («Албанияның ұлы жауынгері Скандербекте», 1954) тағы басқа 1939 жылдан педогогикалық қызметпен, ал 1940 жылдан режиссерлікпен шұғылданды. 1 – 4-сайлаған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.

Грузия КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1941, 1943, 1946 жылы екі рет, 1951). 2 рет Ленин орденімен, басқа 4 орден және медальдармен марапатталған. [1] [2] [3] [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Альтман И., Акакий Алексеевич Хорава, М. – Л., 1947
  2. Бояджиев Г. Н., Борьба миров. в его кинофильма: Поэзия театра, М., 1960, с. 270 – 90
  3. Гугушвили Э., Театральные портреты. Тбилиси, 1968
  4. Февральский А., Акакий Хорава, «Театр», 1971, № 9, страницы 76 – 78.