Айғырдың жалын майлау
Айғырдың жалын майлау - ежелгі қазақ дәстүрінде жыл сайын жасалатын биебау тойында атқарылатын ғұрып. Жас құлынды алғаш реті құрықтап ұстап, басына ноқта кигізіп желіге байларда биебау басына жиналып, дастарқанға жайғасқан соң ақсақалдар келіп бата-тілек айтады. Үйірдің «иесі» деп саналатын Айғырдың күш-қайраты артып, құлын көбінен еріп, Қамбар ата тұқымы өсе түсуін батаға арқау етеді. Жиналғандарға арасынан малсақ, іске икемді біреуі барып, айғырды шетке қарай ұстап отырғандарға қарай таятады. Бата берген ақсақал алақанына сарымайдан көсіп алып жақындап келіп айғырдың жалына, кекілі мен мандайына жағады.Оның мәні айғырдың жалы күш қуаты мен үй иесінің құт-берекесі айғырдың жалында деген ұғымды білдірсе керек.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |