Айдарлы балғабас акуласы
Айдарлы балғабас акула - балғабас акулалардың ішіндегі ең ірісі.
Сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оның басы балға пішіндес, арқасында өткір жүзбеқанаты болады. Кеуде тұсында және жамбас бөлігінде екі жұп жүзбеқанаты бар. Олардың денесінің түсі көбінесе зәйтүн түсіне ұқсас, қола түстес, ал құрсақ бөлігі ашық қоңыр түсті болып келеді. Жас акуланың жүзбеқанаттарының түсі қара болады, бірақ есейе келе ол ақ түске айналады. Олардың көзі мен танауы балға тәрізді, басының екі жағында орналасқан.
Көбеюі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айдарлы балғабас акула ұрпағын тірі күйінде туады, буаздық мерзімі - 9-12 ай. Аналық акула ұзындығы 43-50 см болатын 25-30 ұрпағын дүниеге әкеледі. Бұл акуланың ұрпағы дүниеге келгенде шеміршек тәрізді жұмсақ болады. Жас айдарлы балғабас акула басқа акулаларға қарағанда баяу өседі.
Қорегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айдарлы балғабас акула, негізінен, сардина, сельд, скумбрия балықтарымен қоректенеді, ол кейде сегізаяқ тәрізді омыртқасыз балықтарды да қорек етеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Акуланың бұл түрі жағалауға жақын аймақтарда, шағын суларда, сонымен қатар шығанақтарда кездеседі. Басқа жыртқыш жануарлардың жемтігіне айналмас үшін олар жағаға жақын аймақтарды мекендейді. Айдарлы балғабас акуланы дүниежүзіндегі барлық теңізде кездестіруге болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "1100 қызықты деректер" Қ. Байғабылова, "Аруна баспасы", Алматы қ. ISBN 978-9965-26-553-2