Мазмұнға өту

Ажар Ахметқызы Жұбанова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ажар Ахметқызы Жұбанова
Туған күні

5 сәуір 1941 (1941-04-05) (83 жас)

Туған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

биология ғылымдары
Экологиялық биотехнология
Нанобиотехнология

Жұмыс орны

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры

Ғылыми дәрежесі

ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
Биология ғылымдарының докторы
профессор

Альма-матер

Мәскеу мемлекеттік университеті

Марапаттары


Құрмет ордені
Құрмет ордені
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері ҚР Ғылымын дамутуға сіңірген еңбегі үшін

Ажар Ахметқызы Жұбанова (1941 жылы 5 сәуірде Алматыда туған) — биолог ғалым. Биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2008 жылдан). Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері (2006).

  • Ажар Ахметқызы Жұбанова 1941 жылы 5 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді.
  • 1964 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. «Управление ростом и метоболической активностью иммобилизованных клеток микроорганизмов» деген тақырыпта доктокторлық диссертация қорғағап 1996 жылы Биология ғылымдарының докторы, професор атағын алды.
  • 1964–1966 жылдары ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға лаборант.
  • 19661975 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер.
  • 1975–1986 жылдары Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, професор.
  • 1996–2000 жылдары ҚазҰУ-да ғылыми кеңестің ғалым-хатшысы. 2000–2002 жылдары декан болды. 2002 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
  • 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.[1]

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғылыми атағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғылыми шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ажар Ахметқызының Қазақстандағы жоғарғы білімді қайта құруда еңбегі зор, «Биотехнология», «Экология» және «Медико-биологиялық - icі» типтік бағдарламаларын сараптауда окыту әдістемесін және тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігі үшін жаңа оқыту формасын енгізуге, әдістемелік оқыту кұжаттарын дайындауға атсалысты.

Орыс және қазақ тілдерінде эдістемелік окыту кұралдарын, ядролық физика Институтымен 6ipirin жүргізген «Экологиялық дүрбелелеңнен кейінгі топырак биоремедиациясы» курсының бағдарламаларын жазды.

Ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1997-2001 жж. ҚР ҰҒA «Микробиология және вирусология» ҒЗИ 03.00.07 – «Микробиология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшеci, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 03.00.16 – «Экология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.
  • 2001- 2002 жж. ҚР ҚҒM ЖАК Эксперттік кеңестің биологиялық ғылымдар бойынша мүшесі.
  • 2002- 2004 жж. ҚР ҚҒМ ЖАК Эксперттік кеңестің биологиялық ғылымдар бойынша төрайымы.
  • 2004-2007 жж. ҚР БҒМ Ғылыми және педагогикалық кадрлар аттестацияларында Президиумдық комитеттің мүшесі.
  • 1996 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңестің мүшесі.
  • 1996-2001 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Fылыми кеңестің бас хатшысы.
  • 2005 - 2009 жж. ҚР БҒМ ЖАК Биологиялық зерттеулер орталығының мүшесі.
  • 2010 жылдан бepi ҚР БҒМ ЖАК Ұлттьқ биотехнология орталығының мүшесі.
  • 1992 жылдан бepi – «ҚазҰУ Хабаршысы» Биология сериясы журналының редакциялық алқасының мүшесі.
  • 1996 ж. жылдан 6epi - «Биотехнология. Теория и практика» журналының редакциялық алқасының мүшесі.
  • 2000-2006 жж. «Актуальные вопросы современной биологии и биотехнологии» студенттер мен жас ғалымдардың I-VI Халықаралық ғылыми конференциясында тезистер жинағының редакциялық алқасының мүшесі.
  • 2007 жылдан бepi студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конгресінің редакция алқасының мүшесі.
  • 2007 ж. «Актуальные проблемы современной микробиологии» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағының редакциялық алқасының мүшесi.
  • 2008 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының редакциялық алқасының мүшесі.
  • 2010 жылдан бepi - “Science of Central Asia” (Private Fund for Supporting of Science and Technologies “Science”) журналынын редакциялық алқасының мүшесі.
  • 2010 жылдан бepi - ’’International Journal of Biology and Chemistry” (Al-Farabi Kazakh National University) журналының редакциялық кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2010 жылдан бepi - “Molecular and Biological Machine” монографияларды публикациялауға дайындайтын “Springer - Verlag GmbH Berlin Heidelberg” баспасының редакциялық алқасының мүшесі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]